Күлтөбе қалажұрты кейінгі ортағасырлық Түркістанның шығыс жағында, шамамен Қожа Ахмед Ясауи кесенесінен 300 метр қашықтықта орналасқан ауданы 150х120 метр биіктігі тоғыз метрлік төбе. Күлтөбе қалажұрты – ерте ортағасырлық тарихи деректерде «Ясы» ретінде белгілі болған Түркістанның ең ежелгі бөлігі.
Тарихшылар мен археологтардың пікірлерінше Күлтөбе қалажұрты б.з.б I соңында пайда болған. Ал, Ясы–Түркістан ретінде XIX ғасырдың екінші жартысына дейін болған.
Күлтөбе қалажұрты өзінің жүзжылдық тарихында көптеген өркендеу мен құлдырауларды бастан өткерді, үйлерінің қабырғалары мезгіл-мезгіл жаңа билеушілердің құрылыс қажеттіліктеріне пайдаланылды, көшелер бағыттарын өзгертті, бірақ жалпы Күлтөбе ешқашан жер бетінен де, адам жадында да жоғалмады.
Мамандар тәуелсіз нысан ретінде Күлтөбені зерттеу тарихында оның құндылығын бірден анықтамағанын көрсетеді. ХХ ғасырдың 40-жылдарының соңында Түркістанды зерттеген Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясының күш-жігерінің арқасында Күлтөбе ерте ортағасырлық дәуірдің маңызды археологиялық ескерткіші ретінде қарастырыла басталды.
Күлтөбедегі алғашқы ғылыми археологиялық материалдарды белгілі археолог Сенигова Таисия Николаевнаның (1922 ж.т.) басшылығымен жұмыс істеген Түркістан тобы тапты. Өткен ғасырдың 70-ші жылдары аз жұмыс атқарылды, оның аясында XVIII-XIX ғасырлардағы қалалық ғимараттар және кездейсоқ - VII-VIII ғасырлардағы керамика және тиындар табылды.
Бұл факторлар белгілі археолог және шығыстанушы тарихшы Массон Михаил Евгеньевичке (1897-1986) Күлтөбе-Ясының әлдеқайда ежелгі болған және мұның дәлелін Қожа Ахмед Ясауи кесенесінің оңтүстігінен іздеу керек деген тұжырым жасауға мүмкіндік берді.
Бұл тұжырым 80-ші жылдары Смағұлов Ербулат Акижанұлы басқарған Түркістан археологиялық тобы Күлтөбедегі стратиграфиялық зерттеулердің сөзсіз нәтижелері негізінде расталды. Ол Күлтөбедегі әртүрлі тарихи дәуірлердің дәлелі болатын жеті құрылыс көкжиегін және оның Түркістан мен бүкіл Түркістан оазисі үшін маңыздылығын айқындады.
Смағұлов E. A. үлесі -ежелгі Күлтөбе қалажұртын зерттеуде баға жетпес. Дәл Смағұлов Е. А. Күлтөбе қалажұрты өзегі болған Түркістан қаласына 1500 жыл болды деген тұжырым жасаған.
2010 жылы Смағұлов Е. А. Күлтөбе қалашығын археологиялық қазба жұмыстарымен мақсатты бағытта айналысқан. Нәтижесінде Қазақстан және бүкіл Орталық Азия аймағы үшін маңызды ғылыми жаңалық- Күлтөбе-Ясы көне рабатының сәулеттік кешені табылды. Кешеннің інжуі -«кірест тәрізді» ғибадатхана және архаикалық бекіністі қабырғаның сынықтары болды. Бұл тек Күлтөбенің жасына ғана емес, сонымен бірге оның Ұлы Жібек Жолының ең көп таралған және көне тармақтарындағы маңызды бекеттердің бірі ретіндегі маңыздылығын куәландырады.
Ежелгі Күлтөбе қалажұртының археологиялық қазу жұмыстарын «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениеті институты» ЖШС қолдауымен 2017 жылы Смағұлов Е. А. жалғастырды. Алайда, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Eurasian Resources Group (ERG) және «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» ЖШС арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум аясында «Күлтөбе қалажұртының тарихи орындарын қалпына келтіру» жобасы бойынша бұл нысанның ең ірі ғылыми игеруі 2019 жылы болды.