Археологтардың, қалпына келтірушілердің, ғалымдар мен әртүрлі бағыттағы қызметкерлердің жемісті жұмысы үшін әлеуметтік инфрақұрылымды құру «Күлтөбе қалажұртының тарихи орындарын қалпына келтіру» жобасының маңызды бөлігі болып табылады. Оның аясында тамақтану орталығы ұйымдастырылды, топтың тұруы және толық жұмыс істеу базалары анықталды, еңбек жабдықтары жүйелі түрде жаңартылды, арнайы жабдықтар әкелінді және т.б. Нысанда ауыз судың табиғи көзі бар.
Қызметкерлер, жобаның бас демеушісі - Eurasian Resources Group (ERG) логотипі бар арнайы киіммен қамтамасыз етілді. Жобаға жергілікті тұрғындар тартылды. Карантиндік шаралар аясында қызметкерлер барлық қажетті санитарлық-гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді. Нысанның материалдық құндылықтарының жұмыс істеуі мен сақталуын күзет мекемесі қамтамасыз етеді.