Іске асыру кезеңдері

Осы жобаның мақсаттарын іске асыру үшін ғылыми-зерттеу және ұйымдастырушылық-техникалық жұмыстардың келесі түрлері жоспарланған болатын:

– георадарлық барлау;

– археологиялық жұмыстар;

– тарихи, антропологиялық және мәдени зерттеулер;

– далалық жұмыстарды ұйымдастырушылық-экономикалық тұрғыда қамтамасыз ету.

Жоба үш жылға (2019–2021 жж.) жоспарланған. Қалажұрттың бүкіл аумағы (27 га)  үш бөлікке бөлінген алып жатыр. Кешенді археологиялық және ғылыми–зерттеу және қалпына келтіру жұмыстары арқылы үш жылдық жобаның жыл сайын әрқайсын игеру мақсатымен 3 аумаққа(9 га-дан) бөлінеген.