Жобаның миссиясы: ғылым, білім және мәдениет тұрғысынан мемлекетік және жаһандық әлемде ұлттық материалдық және материалдық емес мәдени мұраларды зерттеу, сақтау және насихаттау.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылы 19 маусымда Түркістан аймағын құру туралы тарихи жарлығына қол қойғаннан бастап ежелгі Түркістан одан әрі дамуына және оның тарихын, мәдениеті мен өнерін жан-жақты зерттелуіне жаңа серпін алды.
«Күлтөбе қалажұртының тарихи нысандарын қалпына келтіру» жобасы - Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспарының маңызды тармақтарының бірі. Сол сәттен бастап ашық аспан астында бірегей археологиялық саябақтың ғылыми тұжырымдамасын жасау мақсатында Түркістанның ең ежелгі бөлігі - Күлтөбе қалажұртын ауқымды зерттеу басталды.
Жобаның мақсаты: тарихи-археологиялық: қазба жұмыстары, консервация, ішінара қалпына келтіру және Күлтөбе қалажұртын этно-әлеуметтік мәдени зерттеу.
Жоба аясында Күлтөбе қалажұртының 27 гектар археологиялық аумағы зерттеліп, ең маңызды тарихи жерлер сақталып, ішінара қалпына келтіріліп, түркі әлемінің рухани астанасы - қасиетті Түркістан қаласын дамытуда Күлтөбенің этноәлеуметтік рөлі негізделді.