Тарихи нысандарды қалпына келтіру

Тарихи-мәдени мұраны сақтау, тарихи шынайлықты  және сол жерде болу сезімін беру  ашық аспан астындағы  «Күлтөбе қалажұрты» археологиялық паркінің басты негіздемелері. Оларды жүзеге асыру үшін қазіргі заманғы ғылыми-әдістемелік тәсілдер мен ЮНЕСКО ұсыныстарына сүйене отырып, қалажұрттың маңызды археологиялық нысандарын ғылыми қалпына келтіру жобасы жасалды.

Бұл жоба сызбалар жиынтығы, сонымен қатар жеке элементтерді консервациялау және ішінара қалпына келтірудің көрнекі 3D үлгісі ретінде ұсынылады. Олардың ішінде: бекіністі ғибадатхана, қаңлы дәуірінің рабаты, құрбандық орындары бар бөлмелер кешені, жер иелерінің тұрғын үйлері мен қолөнершілердің тұрғын үй ғимараттары, қыш шеберханалары, төселген көшелердің фрагменттері және басқалары бар. Мұрағаттық  аналогтарды қолдана отырып Күлтөбе қалажұртының құрылыс қабырға қалдықтары мен тұрмыстық бөлшектеріне негізделген көлемді сәулеттік және жоспарлау шешімдері ұсынылған.

Нысандарды ғылыми қайта құру үдерісінде археологиялық өлшеулер, содан кейін ғимараттың, қасбеттер және интерьерлерін негіз болатын ашық аспан астында «Күлтөбе қалажұрты» археологиялық парктің көрнекті жерлерін  археологиялық нысандардың бастапқы көрінісін 3D қайта құру жоспары  жасалды.