Жоба туралы

Жобаның аты: «Күлтөбе қалажұртының тарихи орындарын қалпына келтіру»

Тапсырыс беруші: «Eurasian Resources Group» (ERG)

Орындаушы: «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениеті институты» ЖШС

Зерттеу мерзімі: 20192021 жж.

Ғылыми зерттеу саласы: археология және реставрация

Жобаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысының Түркістан қаласы

Жоба Түркістан қаласында (Түркістан облысы)  ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген ескерткіші Қожа Ахмед Ясауи кесенесінің қорғалатын аймағында жүзеге асырылуда.

Жоба Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінің Мемлекеттік тізіміне енгізілген тарихи-мәдени мұра объектілерін және мәдени құндылықтарды сақтау жөніндегі әлеуметтік маңызы бар қызметтер қатарына кіреді.