КүлтөбеЯсыТүркістан қаласы әртүрлі тарихи кезеңдерде, қаңлы кезеңінен бастап Қазақ хандығына дейінгі әртүрлі мемлекеттердің экономикалық, саяси және діни мүдделерінің орталығы болған. Күлтөбе қалажұртының алғашқы жазбаша сипаттамасы, кейбір деректерде «Ясы» (Асон) ретінде Қазақстанның оңтүстік облыстары арқылы ұлы моңғол ханы Меңгу ордасына барған Армян патшасы Гетум І-нің қолжазбасында кездеседі. Қаланың даму тарихын шынайы қайта құру мақсатты археологиялық зерттеулердің нәтижелерін ғылыми айналымға енгізуден басталды.

1973  жылы

Күлтөбе қалажұртының алғашқы археологиялық зерттеулерін 1973 жылы тарих ғылымдарының кандидаты Сенигова Т. Н.  жетекшілігімен Қазақ КСР Ғылым академиясы Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және археология институтының Түркістан археологиялық тобы жүргізді.

Осы далалық кезеңде Күлтөбе төбесінің батыс бөлігінде қазу жұмыстары нәтижесінде XVIIIXIX ғғ.  жататын тұрғын үйлер қатарын тапты.

19801982 жылдары

19801982 жж. Смағұлов Е. А. жетекшілігімен Қазақ КСР Ғылым академиясы Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және археология институтының Түркістан археологиялық тобының археологотарымен Күлтөбе қалажұртында ары қарай жұмыстар жалғасты. Далалық кезеңде 70 шаршы метрде қазба жұмыстары жүргізілді. Күлтөбе қалажұртының мәдени қабаттарының бүкіл қалыңдықтарын алып материкке дейін ашып, нәтижесінде қазба жұмыстарнынң келешек преспективасы анықталды.

2010 жылы

Күлтөбе қалажұртын археологиялық зерттеудің келесі кезеңі 2010 жылы тарих ғылымдарының кандидаты Смағұлова Е. А. жетекшілігімен жүргізілді.

Жұмыс «Ежелгі және ортағасырлық Қазақстанның мәдени және тарихи орталықтары» бағдарламасы Ә. Х. Марғулан атындағы Археология институтының аясында жүзеге асырылды. Бұл ауқымды бағдарламаның тақырыбы Күлтөбе қалажұрты-ежелгі Ясы  рабатының  құрылыс  генезисін зерттеу болды.

20112015 жылдары

Күлтөбе қалажұртын зерттеудегі перспективті кезең 20112015 жылдардағы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институтының қолдауымен Түркістан археологиялық тобын Смағұлов A. E. жетекшілігі кезінде болды. Зерттеу барысында Түркістан қаласының бастауы болған Ясы қаласының ежелгі құрылысы табылды. Түркістан жеріндегі алғашқы сәулет ғимараты ежелгі рабатының орталығы болған ІІІІ ғасырларда формасы жағынан биік кірест тәрізді қамал болды.

2017 жылы

«Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениеті институтының» ЖШС «Күлтөбе қалажұртында» жұмыстар Ержігітова А. А. жетекшілігі кезінде зерттеудің тереңдігімен ерекшелінді. Жоба аясында  қалажұрттың ежелгі мәдени қабаттары ары қарай зерттелді. Алынған материалдар Ежелгі Түркістанның діни, фортификациялық және басқа құрылыстарының терең тарихи тамырларының пайда болуына дәлел болды.

20192021 жылы

2019 жылы «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» ЖШС PhD, қауымдастырылған профессор  Хазбулатов А. Р. басшылығымен « Күлтөбе қалажұртының тарихи орныдарын қалпына келтіру» жобасы бойынша жұмысы басталды. Жоба Eurasian Resources Group (ERG) қаржылық қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.

Жобаның түпкі мақсаты - ашық аспан астында «Күлтөбе қалажұрты» археологиялық паркінің ғылыми тұжырымдамасын жасау.

Бұл жоба отандық тарихи-мәдени мұраны зерттеу процесінде инновациялық кезең және археологиялық іздеулер, қазба жұмыстары, консервация, қалпына келтіру және 3D қайта құрудың өзіндік зерттеу әдістері мен тәжірибелік әдістерінің синтезі болып табылады.

 

№ 1 Үй-жай
 
№ 2 Үй-жай
Үй-жай параметрі 8,4х4,6 м.
IXX ғғ. жатады
№ 3 Үй-жай
Үй-жай параметрі 9,3х4,55 м.
VII ғ. жатады
Ошақ-құрбандық шалатын орны бар бөлме
бөлме параметрі 5х5 м, ошақ парамерті – 0,50х0,80 м.
XIIғ. жататды.
№ 5 Үй-жай
Үй-жай параметрі 7,5х2,90 м.
XIIXIII ғғ. Жатады
№ 6 Үй-жай
Үй-жай параметрі 11х7,3 м.
XIIXIII ғғ. жатады
№ 7 Үй-жай
Үй-жай параметрі 14х8,4 м. XIIXIII ғғ. жатады
№8 Үй-жай
Үй-жай параметрі 6,6х4,2м.
XV ғ. жатады
№9 Үй-жай –
Үй-жай параметрі 8.8х4,8 м.
XV ғ. жатады
№10 Үй-жай
Үй-жай параметрі 8.52х4,6 м.
XV ғ. жатады
№11 Үй-жай
Үй-жай параметрі 9.2х0.7 м.
XIII ғ. жатады
№12 Үй-жай
Үй-жай параметрі 11.4х11.8 м.
XIIXIII ғғ. жатады
№13 Үй-жай
Үй-жай параметрі 27х5.8 м.
XIX ғ. жатады
№14 Үй-жай
Үй-жай параметрі 18.2х5 м.
XIX ғ. жатады
№15 Үй-жай
Үй-жай параметрі 16.50х12 м. Алаң параметрі 16,50х5 м.
XIX ғ. жатады
№16 Үй-жай
Үй-жай параметрі 4,60х4,50 м.
XIX ғ. жатады
№17 Үй-жай
Үй-жай параметрі 17х9 м.
XIXXX ғғ. жатады
№18 Үй-жай
Үй-жай параметрі 26х22 м.
XIXXX ғғ. жатады
№19 Үй-жай
Үй-жай параметрі 14х13 м.
XIXXX ғғ. жатады
№20 Үй-жай
Үй-жай параметрі 6х4 м.
XIXXX ғғ. жатады
№21 Үй-жай
Үй-жай параметрі 21,3х7,65 м.
XIXXX ғғ. жатады
№22 Үй-жай
Үй-жай параметрі 2,55х18,25 м.
XIXXX ғғ. жатады
№23 Үй-жай
Үй-жай параметрі 18,55х9,75 м.
XIXXX ғғ. жатады
№24 Үй-жай
Үй-жай параметрі 10,70х4,45 м.
XIXXX ғғ. жатады
№25 Үй-жай
Үй-жай параметрі 10,40х14,5 м.
XVIIIXIX ғғ. жатады
№26 Үй-жай
Үй-жай параметрі 14.5х9.75 м.
XVIIIXIX ғғ. жатады
№27 Үй-жай
Үй-жай параметрі 12.5х8.5 м.
XVIIIXIX ғғ. жатады
Төменгі ташнаудың батыс жағындағы көрінісі.
Ташнау  бұл қол мен ыдыс жуғаннан кейін лас суды ағызуға арналған санитарлық тазалау құрылғы.
XVIIIXIX ғғ. жатады
Керамикалық ыдыс  хум.
Хум  қыш ыдыс.
XVIIIXIX ғғ. жатады
Тандырдың батыс бөлігінің көрінісі.
Тандыр – қуыру пеші, түрлі тағамдарды дайындауға арналған домалақ немесе құмыраға тәріздес мангал.
XVIIIXIX ғғ. жатады
№28 Үй-жай
Үй-жай параметрі 7.5х10.4 м.
XVIIXIX ғғ. жатады
№29 Үй-жай
Үй-жай параметрі 5.5х10 м.
XVIIIXIX ғғ. жатады