- «Күлтөбе қалажұрты» археологиялық ескерткіштерінің қалыптасу, гүлдену және құлдырау басты тарихи кезеңдерін жүйелі түрде (қазу жұмыстары, консервациялау, қалпына келтіру, жартылай цифрлі қалпына келтіру, мұражайлау) зерттеу;
- Күлтөбе қалажұртында мәдени- антропологиялық зерттеу, соның ішінде әр түрлі тарихи кезеңдерде түрік елінің басты рухани орталығы ретінде Түркістаннің қалыптасуындағы рөлі;
- Әзірет-Сұлтан мұражай – қорығының құрамында Күлтөбенің маңызы анықтау және дәлелдеу, қалажұрт және жалпы кешенді имидждік брендттеу үшін нақты ұсыныстар жасау;
- деректі және архивті тарихи археологиялық ғылыми базасын толықтыру және алдын-ала ғылыми гипотезаларды тексеру және нақтылау, сондай-ақ жаңаларын жасау мақсатымен Күлтөбе феноменін жүйелі зерттеуге жаңа базаны (мәдени-антропологиялық) қалыптастыру;
-Түркістан агломерациясының әр түрлі кезеңдеріндегі тұрғындардың дүниетанымын және мінез-құлық типтерін қалыптастырудағы әртүрлі әлеуметтік институттардың нақты рөлін анықтау үшін Күлтөбе байналысты нарративті этнографиялық және иконографикалық деректерді зерттеу;
-көшпелілердің әлеуметтік психологиясын, дәстүрлі құндылық бағдары мен мифологиясын, олардың эстетикалық қалауларын, реликтік сенімдері мен культтарын, олардың байланысы мен сабақтастығын сипаттайтын кешенді тарихи деректерді және фольклорді текстерді зерттеу;
-жиналған ақпараттарды жүйелендіру және әр дәуірдегі қасиетті жерлерді (табиғи және техногендік) құрметтеу мәдени дәстүрлерін бір-бірімен өзара салыстыру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарының жүйелік құраушы белгілерін белгілеу;
-ежелгі Күлтөбе қалажұртының тарихи, археологиялық және мәдени құндылықтарының әртүрлі аспектілері бойынша бірқатар ғылыми және танымал ғылыми жарияланымдарды дайындау және шығару;
-әр таңдалған нысанды тарихи, мәдени және діни маңыздылығы тұрғысынан талдауға мүмкіндік беретін және осыған байланысты объектінің айналасындағы туризм индустриясын одан әрі дамыту перспективалары үшін археология, дінтану, археография, деректану және география әдістерін қолдану арқылы эмпирикалық мәліметтерді жинау.