Массон Михаил Евгеньевич
1897–1986

Профессор, тарих ғылымының докторы

Ежелгі Түркістанды археологиялық зерттеудің негізін Орта Азия археологиясының ақсақалы Михаил Евгеньевич Массон қалаған.

Ғалымның қызығушылығы Қазақстанның ежелгі қалалары: Тараз, Сайрам, Шымкент және Түркістанға бағытталған. Массон М. Е. ерекше назарын Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зерттеуге арнады. 1928 жылы оның басшылығымен кесененің іргетасын зерттеу үшін 7 шурф жасалды, нәтижесінде құрылу тарихы туралы қосымша ақпараттар табылды. Кейін, ғалым кесенеге арнап жеке басылымындар жазды.

Массон М. Е. профессоры тау-кен және металлургия тарихы, тарихи география, ежелгі қалалар бойынша археологиялық топографиясы, бейнелеу және қолданбалы өнер тарихы, Орталық Азия эпиграфикасы мен нумизматикасы бойынша іргелі еңбектерін жариялады.