Смағұлов Ербулат Акижанұлы
1952–2019

Тарих ғылымының кандидаты

Ербулат Акижанұлы Күлтөбе ежелгі қалажұртының ашушысы деп саналады. Оның басқаруымен 1980–1982 жж. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және археология институты ҚазақКСР ҒА Түркістан археологиялық тобы Күлтөбе қалажұртында алғашқы негізді жұмыстар жүргізілді.

2010 жылы Ербулат Акижанұлы мақсатты археологиялық қазбалар идеясымен Күлтөбе қалажұртын зерттеуге оралды, нәтижесінде көне рабаттың бірегей сәулет кешені табылды.

2019 жылдың басында ол «Күлтөбе қалажұртының тарихи нысандарын қалпына келтіру» жобасы бойынша  археологиялық топты басқарды.

Ербулат Акижанұлы өзінің көпжылдық зерттеулерінің барысында Қазақстан мен Орта Азия ғылымына елеулі үлес қосқан 200-ден астам ғылыми еңбектер мен монографиялар жариялады.

Соның ішінде автордың «Ежелгі Түркістан: тарихи портретке штрихтер» (Алматы, 2017) монографиясы ерекше.