«Күлтөбе қалажұрты» ашық аспан астындағы археологиялық паркінің логотипі визуалды бейненің негізі екі белгі: свастика мен шаршының үйлесімі графикалық және мәтіндік элементтерді біріктіреді. Бұл тандем динамика мен мәңгілікті білдіреді. Свастика - динамика, жаңару, даму және мәңгілік өмір, ал шаршы - тұрақтылық, беріктік, мәңгіліктік, жер мен үйдің белгісін білдіреді.
Свастика - бұл батыстан шығысқа дейінгі бүкіл әлемдік мәдениетке тән ежелгі белгі. Терминнің өзі санскриттік «svastika» дегенге сөзінен келген және «бақыт» немесе «өркендеу» дегенді білдіреді.
Еуразия даласында свастика немесе иілген ұштары бар крест неолит дәуірінде пайда болып, күннің аспанда қозғалуын білдіреді деп саналған. Сондықтан свастиканың сан алуан және әртүрлі варияциялары ежелгі Күлтөбе қалажұртында кездесетіні таңқаларлық емес. Бұл, ең алдымен, Күнге табынуға арналған ғибадатхана- ежелгі Күлтөбелік кірес тәріздес архитектуралық құрылымы және Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде табылған свастика түріндегі әртүрлі қыш ыдыстар мен плиткаларда әшекей өрнектер жатады.
Бұл белгі индуизм, буддизм және жайнизм сияқты діндерде әлі күнге дейін қасиетті нышан болып табылады және оның кірес және мүйіз тәрізді, гүлді және геометриялық мотивтертермен әртүрлі өзгерген түрлері қазақтың ұлттық ою-өрнек өнерінде жиі кездеседі.
Логотипте минималды графика арқылы максималды мәнерлікке жету мақсатында ең қарапайым қаріп қолданылды. Қаріптің қарапайымдылығы исламға дейінгі дәуірде пайда болған ежелгі Күлтөбе-Ясы-Түркістан қаласының жасына назар аудартқызады. Логотип қызғылт сары және қаныққан сұр түстердің үйлесімінде жасалынған, онда сарғыш түс - дала, саз, тіршілік, қуат пен айқындық, ал сұр түс - мәңгіліктің, уақыттың белгісін білдіреді.
Қызғылт сары және сұр түстер - «Күлтөбе қалажұрты» бірегей археологиялық парктің басты демеушісі - әлемге әйгілі Eurasian Resources Group (ERG) корпоративті түстері.