Күлтөбе -Ясы рабаты мықты бекініс қабырғасымен қоршалған. Бұл қабырғаның ең көне бөліктері қазір «шығыс қабырға» деп аталады. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл бүкіл кешеннің I–II ғасырдан кеш емес жасалған ең көне бөлігі. Сол уақытта Күлтөбе ежелгі қалажұрты осы аймақтағы Ұлы Жібек жолының ең жанды тармақтарының бірі болды. Рабаттың ежелгі бекініс қабырғасының қалыңдығы 3,2–3,8 м дейін және бірнеше құрылыс қосымшалары бар екендігі анықталды. Қабырға пахсадан және шикі кірпіштің қабатынан тұрғызылған. IX–X ғғ. рабаттың қорғаныс қабырғалары барлығына жуығы қайта құрылып жөнделген, бұрынғы қабырғалардың фрагменттері жаңаларымен жабылған.