XIX – XX ғғ. басы көзеші пеші бар қолөнершінің тұрғын үйі

XIX ғ. соңы  ХХ ғ. басы Оңтүстік Қазақстанның қалаларында қолөнер өндірісінің цехтік ұйымдары дамыды. Көзеші пеші бар күлтөбелік қолөнерші үйі – түркістандық көзешілердің тұрмысы, өмірі мен қызметі туралы ақпарат беретін бірегей олжа.Өндірістік жұмыстарда шеберлер өз бұйымдарын керамика өндірісінде жекешелендіруге тырысып, оларға «белгілер» яғни, таңба тәрізді белгілер қойды. Бұл белгілер күлтөбелік керамикалық бұйымдарында өте жиі кездеседі.

Керамика бұйымдарының сынықтарының көптеген археологиялық табыстары Культөбеде әйнекеленген және әйнекеленбеген  керамика өндірісінің өркендегенін көрсетеді. Көзешілер әр түрлі мөлшердегі хумдар, май шайқайтын ыдыстар, сүтке арналған құмыралар, кәделі табақтар, майшамдар және т.б. жасады.

Көзеші шеберхана дәстүрлі тұрғын үй ғимаратында немесе алаң жанында орналасқан, ал көзеші пеші әрдайым дерлік тұрмыс үйден тыс орналасқан.  Күлтөбе шеберінің үйі тұрғын ғимараттар ауданы және көзеші пештерінің күшіне қарай орта дүниелі адамдар үйлеріне қатарына жатқан.