XVII - XVIII ғғ. қолөнер шеберлерінің тұрғын үйі

XVII - XVIII ғғ. қолөнершілер үйі - Түркістан көзеші-шеберінің өмірінің, тұрмысы мен қызметінің жарқын көрінісінің бірі. Үйдің алды үлкен сауда көшесіне қараған, сондықтан оның айван кіреберісі үй иесінің дайын өнімдерін сататын дүкені ретінде болған. Үйдің ауданы 278,5 ш.м. және үй иесінің өмір сүру деңгейін көрсететін бірнеше тұрғын үй-жайлар бар болған.
Осы кезеңде Түркістан қаласы қыш өндірісі өркендеген және керамиканың өзіндік ерекше стилінің қалыптасуымен ерекшеленген, ал кәсіби шеберлердің өзіндік мөртаңбалары - мөрлері болған.