Хазбулатов Андрей Равильевич

Философия ғылымдарының докторы (PhD), қауымдастырылған профессор,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Хазбулатов Андрей – «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» ЖШС бас директоры, «Күлтөбе қалажұртының тарихи нысандарын қалпына келтіру» жобасының ғылыми жетекшісі.

Түркістан қаласын дамытуда рұқсатттық құжаттама бойынша ЮНЕСКО Халықаралық сарапшылар тобының мүшесі.

АҚШ, Ресей, Италиның үздік оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өткен.

2009 жылдан 2014 жылға дейін Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында білім беру саласында жұмыс істеп, оқытушыдан ғылыми жұмыс жөніндегі проректорға дейінгі өсу жолын өткен.

2014 жылдан 2019 жылға дейін  Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт Министірлігінің құрылымында жұмыс істеген. Мемлекеттік және басқа марапаттарға ие.

Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасы (2014 ж.), «Кинематография туралы» Заң (2019 ж.), «Тарихи және мәдени мұра туралы» заң және т.б. нормативтік құжаттарды әзірлеу бойынша сараптамалық топтардың жетекшісі.

Ол мәдени мұра, сонымен қатар сақтау және қалпына келтіру, мәдени саясат мәселесі және өнер  мен мәдениет саласында басқару бойынша 50-ден астам ғылыми жарияланымдар және   3 монографиялардың, cолардың ішінде «Дәуірлер диаграммасында қазақ мәдениетіндегі жануарлар әлемі», «Көшпенділердің мәдени мұрасы ретіндегі cкиф-сақтардың аң стилі», «Еуразия даласындағы ежелгі көшпенділердің этникалық тарихының сыры» және т.б авторы.