Тұяқбаев Марат Қымызұлы

Тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері

«Күлтөбе қалажұртының тарихи орындарын қалпына келтіру» жобасының ғылыми кеңесшісі

Тұяқбаев М. Қ.  ежелгі Түркістанның тарихы мен мәдениеті саласындағы танымал маман. Көптеген жылдар бойы ол Ә. Х. Марғұлан Археология институтының жетекшілігімен Түркістан оазисінің бірқатар тарихи орындарында археологиялық жұмыстарға жетекші және қатысушы болды.

Түркістан қаласындағы «ӘзіретСұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында 30 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Марат Қымызұлы мерейтойлық медальдармен, сонымен қатар «Мәдениет қайраткері» және «Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері» құрметті атақтарымен марапатталған.

Ғалымның 115-тен астам ғылыми мақалалары мен 7 кітабы бар. Олардың ішінде ең маңыздылары: «Түркістанның қазыналары мен тиындары», «Түркістан оазисінің ортағасырлық қалалары», «Түркістан оазисіндегі қалалар мен елді мекендер типологиясы» және басқалары.