«Күлтөбе қалажұртының тарихи орындарын қалпына келтіру» жобасының археологиялық тобының жетекшісі
Сорокин Д. В. – археологиялық нысандарды сақтау және қалпына келтіру, сонымен қатар 3D модельдеу және қайта құру саласындағы маман.
2005 жылдан бастап Денис Викторович Отырар, Қаялық, Ақыртас, Тараз және басқа да қалалардағы нысандарға оннан астам археологиялық экспедицияларының бас маманы. 2017 жылдан бастап бірнеше далалық экспедициялардың директоры: ортағасырлық буддисттік Аблайкит храмындағы қазба жұмыстары, Шілікті алқабындағы мәдени мұра нысандарын төлқұжаттау, Ақ-Бешім халықаралық экспедициясының геомагниттік зерттеулер бойынша маманы (Қырғызстан) және т.б. «Rutrum» компаниясының ғылыми қызметкері.
2020 жылдан бастап «Күлтөбе қалажұртының тарихи орындарын қалпына келтіру» жобасының археологиялық тобының жетекшісі.
Археологиялық ескерткіштерді қалпына келтіру және сақтау мәселелері бойынша 15-тен астам ғылыми мақалалары бар. Олардың ішінде:, «ГИС порталын құру» жобасын іске асыру кезінде ақпаратты жинау, өңдеу және көрсету әдісі», «Қазақстан тарихы және мәдени ескерткіштері», «Арал–Асар елді мекенінде Кердері 2 кесенесінде далалық зерттеу жүргізу» және т.б. бар.