«Күлтөбе қалажұртының тарихи орындарын қалпына келтіру» жобасы бойынша ғылыми кеңесші
Ұлы Моңғол империясының, яғни Шағатай, Жошы жəне Хулагу мемлекеттерінің нумизматикасы, сонымен қатар Қазақстан аумағында тиындары табылған ортағасырлық шығыстың басқа əулеттер нумизматикасының белгілі маманы.
2019 жылдан бастап нумизматикалық табылулар бойынша «Күлтөбе қалажұртының тарихи орындарын қалпына келтіру» жобасының ғылыми кеңесшісі.
Павел Николаевич – Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының антикалық және орта ғасырлар бөлімінің ғылыми қызметкері. Бұған дейін ғалым Ресей ғылым академиясының Шығыстану институтында (Мəскеу қ.) Татарстан Республикасы Ғылым академиясы Ш. Марджани атындағы Тарих институтында (Казань қ.) жəне басқа да ғылыми ұйымдарда жұмыс істеген.
Петров П.Н.-тың маңызды ғылыми бағыттарының бірі археологтармен жұмыс, тауар-ақша қатынастарының пайда болу және даму процестерін қайта құру бойынша кеңес беру.
Автордың ғылыми еңбектері Еуразия тарихындағы моңғол кезеңін, Жошы нумизматикасы мәселелерін және Шағатай мемлекетінің нумизматикасының дамуына байланысты мәселелерді зерттеуге арналған.