Каменский Алексей Владимирович

Деректі кинолар режиссері, Парасат орденінің кавалері

Алексей Каменский  танымал қазақстандық режиссер және көптеген деректі фильмдердің сценарийшісі, бірнеше мәрте беделді шетелдік марапаттарға ие болған.

Фильмографиясы: «Мәңгілік аспан астында», «Фатима», «Марко Полоның Жібек жолы», «Қазақ Ренессансы. Жұмат Шанин », «Ерекше жер. Qyzylorda» және т.б.

Марапаттары: «Білім әлемі» Халықаралық кинофестивалінің Дипломы, «2016 Asia-Pacific Intangible Cultural Lives» деректі фильмдер фестивалінің Гран-приі (Сеул, Оңтүстік Корея), Африка, Азия және Латын Америкасы фильмдерінің халықаралық кинофестивалінің арнайы сыйлығы (Милан, Италия), 2019 жылдың үздік деректі фильмі үшін Қазақстан Кинематографистер одағының «Құлагер»   сыйлығы.

Алексей Каменский 2019 жылы «Күлтөбе қалажұртының тарихи орындарын қалпына келтіру» жобасы аясында сценарий авторы және Қазақстанның ең ежелгі қонысы және жобаның барысы туралы баяндайтын «Түркістанның жандануы. Күлтөбе» деректі фильмінің режиссері болды.