2021 жылдан бастап «Күлтөбе қалажұртының тарихи нысандарын қалпына келтіру» жобасында қазаба жұмысының жетекшісі.
Осы жылдар бойы Өзбекстан аумағында көптеген археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Ферғана аңғарында қола дәуірінен орта ғасырларға дейінгі алты қорымда және он қоныста қазба жұмыстары жүргізілді. Өзбек-итальян экспедициясының (2004-2007 ж.ж. Бұхара облысындағы Учкулах қонысы), өзбек-швейцариялық экспедициясының (2008-2010 жж. Самарқанд облысындағы Сулеймантепа қонысы және 2011-2020 жж. Каршаултепа қалажұрты), өзбек-американдық экспедициясының (2011 ж. Сурхандария облысындағы Кизилтепа қонысы), өзбек-ресейлік экспедициясының (2013 ж. Сурхандария облысындағы Узун дара бекінісі), өзбек-қытайлық экспедициясының (2015-2017 жж. Андижан облысының Мархамат Мингтепа орны) және т.б. экспедицияларының мүшесі болған.
Зерттеу материалдарын 40-тан астам ғылыми мақалада және екі монографияда жариялаған.