Түркістан оазисінің ежелгі кезеңдегі қалалық мәдениет зерттеу саласының маманы. Шымкент қаласының Түркістан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында 25 жылдан астам жұмыс істейді.
2010 жылдан бастап Ә. Х. Марғұлан атындағы археология Институты аясында Смағұлов Е. А. (1952–2019) басқаруымен әр түрлі ғылыми эспедицяларға қатысты. Күлтөбе қалажұртын бірінші ашқан адамдардың бірі болып саналады.
2019 жылы «Күлтөбе қалажұртының тарихи нысандарын қалпына келтіру» жобасында ғылыми қызметкер ретінде зерттеулерін жалғастырды.
Ержігітова А. А. ғылыми еңбектері Ежелгі Түркістанды зерттеуге арналған. Ол: «Оңтүстік Қазақстанның ерте ортағасырлық қорымдары», «Ежелгі Ясы рабатының сәулет-археологиялық кешені» және басқа ғылыми мақалалардың авторы.