«Күлтөбе қалажұртының тарихи орындарын қалпына келтіру» жобасының орындаушысы
Ол Оңтүстік–Шығыс, Оңтүстік және Батыс Қазақстанының антикалық және ортағасырлық урбанистік дәуір маманы. 1985 жылдан бастап жиырмадан астам археологиялық: Шығыс Қазақстан облысының Делбегетей тау сілеміндегң қола дәуіріндегі касситеритті орындарды зерттеу жөніндегі қазақ-герман экспедициясы және бірқатар тұрақты республикалық экспедициялар мүшесі.
Александр Сергеевич – Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық көшпенділердің оба қорымдарын, Алтын Орда кезеңіндегі кесенелерді, Қоялық, Жанкент, Тараз, Шымкент қалаларын, Отырар мен Оксустың қалажұрттарын және Қазақстанның басқа да көптеген көне ескерткіштерін зерттеген.
2020 жылдан бастап Долгушев А. С. «Күлтөбе қалажұртының тарихи орындарын қалпына келтіру» жобасы бойынша орындаушы.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелері автордың келесі жарияланымдарында: «2009 жылғы далалық маусымындағы Жанкент қалажұртын зерттеу», «Отырар оазисінің ескерткіштерін зерттеу», «2010 жылы Отырар қалажұртын археологиялық зерттеу» және басқалары көрініс тапқан.