Байтанаев Бауыржан Абішұлы

Тарих ғылымының докторы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиясының академикі

«Күлтөбе қалажұртының тарихи ескерткішетерін қалпына келтіту» жобасының басты ғылыми кеңесшісі.

Бауыржан Абішұлы – археология ғылымы саласындағы жетекші ғалымдардың бірі. 2010 жылдан бастап А. Х. Марғұлан атындағы археология Институтын басқарады.

Академик Байтанаев Б. А. жетекшілігімен отандық археологиясының тас дәуірі мәдениеті, дала өркениеттері, урбанизация, қала құрылысы және Қазақстанның сәулет саласындағы негізгі бағыттары бойынша ғылыми зерттемелер жүргізілуде.  

2020 жылдан бастап академик Байтанаев Б. «Күлтөбе қалажұртының тарихи ескерткіштерін қалпына келтіру» жобасы бойынша бас ғылыми кеңесшісі.

Ол Қазақстан археологиясы бойынша іргелі жұмыстардың авторы, 300-ден астам ғылыми еңбектер, оның ішінде 18 монография жариялаған. Олардың қатарында «Ежелгі Испиджаб (Ұлы Жібек жолындағы Оңтүстік Қазақстанның ортағасырлық қалалары)», «Жаңа Қаратаудың петроглифтері», «Біркөлік ескілік ескерткіштері», «Шымкент тарихы: археологиялық деректерге сәйкес 2200 жыл» және басқалар.