Артемьев В. И. – сәулет және қала құрылысы саласындағы отыз жылдан астам ғылыми және практикалық жұмыстары бар танымал сәулетші, бірқатар республикалық және халықаралық сәулет байқауларының лауреаты.
1978–2008 жж. қалпына келтіру ғылыми-жобалау институтында (Ташкент қ., Өзбекстан) ғылыми қызметкер болды. Қазіргі уақытта «Янгиобод» ғылыми-жобалық бюросының (Ташкент қ., Өзбекстан) ғылыми жетекшісі.
Автордың негізгі жұмыстарының қатарында «Ежелгі Мерв» және «Куня-Ургенч» Түрікменстанның тарихи-мәдени және экологиялық қорықтарының жобалары (1988–1992 жж.), Арал аймағын жандандыру жобасы (1987–1994 жж.), «Ежелгі Хорезмнің алтын сақинасы» туристік жолы (2004–2005 жж.), Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерін қалпына келтіру, соның ішінде Отырар қалажұрты жобасы (1999–2006 жж.) және басқалары бар.
2000–2005 жылдары Ташкент қаласында (Өзбекстан) ЮНЕСКО миссиясының ғылыми кеңесшісі болды. Маргиан және Орталық Азиядағы басқа да әйгілі археологиялық экспедицияларға қатысты.
2019 жылдан бастап «Күлтөбе қалажұртының тарихи орындарын қалпына келтіру» жобасы бойынша Күлтөбе археологиялық құрылыстарын қалпына келтіру жөніндегі ғылыми кеңесші.