Күлтөбе рабаты - шамамен б.з.б. I–II ғ. - б.з. V ғ. (қаңлы кезеңі) жататын қорғаныс, тұрғын және діни ғимараттардың күрделі кешені.
Осы кезеңде кешеннің жеке үй-жайлары бірнеше мәрте салынды және өзгертілді. Рабат пахсы және шикі кірпіштен тұрғызылған.
Сәулет стилистикасына сәйкес, Күлтөбе рабатының Қазақстанның оңтүстігінде және Орта Азияда бірнеше аналогтары бар. Бірақ, қазіргі уақытта жалғыз тұтастай сақталған кешен болып табылады.