Күлтөбе қалажұрты- ЮНЕСКО назарында

Халықаралық сарапшылар, ғалымдар және әртүрлі ұйымдардың өкілдері дөңгелек үстел форматында Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің буферлік аймағында орналасқан тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау мен ұсынудың маңызды мәселелерін талқылады. Болашақтағы археологиялық парктің өзегі болатынКүлтөбе қалажұртының жекелеген нысандарын сақтау және жартылай қалпына келтірумен ғылыми зерттеуге ерекше көңіл бөлінеді. Соңғысы маңызды тарихи кезеңдердің призмасы арқылы аймақтың тарихы мен мәдениетін бейнелеуге арналған.

Нысан Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу саласындағы әлемдегі жетекші компаниялардың бірі - Eurasian Resources Group (ERG)  қаржылық қолдауымен «Күлтөбе қалажұрты» ашық аспан астында археологиялық парк-мұражай жасау аясында зерттейді.

Бұған дейін Күлтөбе қалажұртында ғылыми зерттеулердің аралық нәтижелері Бакудегі Дүниежүзілік мұра комитетінің отырысында, Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде және Түркістанның өзінде талқыланған болатын. Жобаның жетекшісі Хазбулатов Андрей сарапшылардың назарына алғашқы дала маусымының нәтижелерін және Күлтөбе қалажұртының болашақтағы жоспарларын ұсынды. «Маған бір жылдың ішінде жасалған жобалау жұмыстарының көлемі қатты әсер етті. Ашылған мәдени қабаттар бізге Күлтөбенің ауқымы мен маңыздылығын бағалауға мүмкіндік береді, бірақ бұл жерде ең бастысы - мұраға әсер етуді үнемі бағалау, сонымен қатар нысандарды  сауатты бағалау. Менің ойымша, бұл жерде ең объективті әдіс - 3D визуализацияның мүмкіндігі болып табылады», - деді  Она Вилейкис (Ұлыбритания).

Бұл тұрғыда ОАЗХИ (МИЦАИ) директоры Дмитрий Воякин халықаралық сарапшылар тобының басты миссиясы - ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасы саналатын Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жақын жерде жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстарға лайықты баға беру екенін атап өтті.

«Мен ҚазҒЗМИ-ның атқарып жатқан жұмыстарының ауқымы таңқалдырады, бұл туристердің көпшілігіне қызықты болатын бірегей археологиялық саябақты құру ғана емес, бұрын-соңды белгілі болмаған, бірақ сонымен бірге Қазақстанның ұлттық тарихының маңызды жақтарын терең ғылыми тұрғыдан зерттеу қызықты болып көрінеді. Қазіргі уақытта ұлттық және халықаралық деңгейде жобалық жұмыстарды координациялау барлық міндеттерді сәтті орындауға қол жеткізуге мүмкіндік берді деп айтуға болады », - деді Д.Воякин.

Дөңгелек үстел аясында беделді халықаралық сарапшылар қауымдастығы, жоба зерттеу тобының мүшесі, белгілі сәулетші, сәулет тарихшысы және Ғылыми жобалық қалпына келтіру институтының (Өзбекстан) ғылыми қызметкері - Владимир Артемьев ұсынған  Күлтөбе қалажұртының археологиялық нысандарын ғылыми қалпына келтіру бойынша жұмыс жобаларын талқылады. В. Артемьевтің пікірінше, екі мың жылдық тарихи және мәдени сабақтастықты байқау қиын емес болатындықтан Күлтөбе қалажұрты тек Қазақстан үшін ғана маңызды емес. «Кәсіби сәулет тарихшы бола отырып, мен бұл орынды қырық жылдан астам кәсіби қызметімде кездестірген ең қызықты ескерткіштердің бірі деп санаймын. Қалажұрттың басты нысаны-  қаңлы- сармат кезеңінің ежелгі рабаты айналасында көптеген дәуірлерде ерекше қала құрылыстары пайда болғандығы таңқаларлық », - деп атап өтті Артемьев Владимир.

Күлтөбе ежелгі қалажұрты ежелгі Ясы қаласының бөлігі болғандықтан, ЮНЕСКО сарапшылары консервациялауға және жартылай қалпына келтіруге жататын нысандардың ұсынуын талқылауға ерекше назар аударды. Олардың арасында әртүрлі уақыттағы бірнеше нысандардың суреттері - қолөнершілердің тұрғын үйлері, жер иелері, ежелгі сауда көшелері, шеберханалар, аулалар мен XII-XIX ғасырлардағы қабырғалардың элементтері бар. Суреттер бүкіл нысанды ғылыми қалпына келтіру және графикалық модельдеу әдісінің негізінде жасалды. «Нысандарды қалпына келтіруге арналған жобалық материалдар өте мұқият жасалаған және ғылыми негізделген. Бұл болашақ археологиялық парктің виртуалды турларын жасау үшін тамаша теориялық негіз болады», - деп түсіндірді Пабло Лонгория (Испания).

Жалпы, ғылыми жұмыстардың нәтижелері мен Күлтөбе қалажұртының археологиялық дамытудың болашақ жоспарлары халықаралық сарапшылардың оң бағасын алды. Ұсынылған зерттеулердің жоғары сапасы мен әлеуеті атап өттілді. Болашақ археологиялық саябаққа келушілерге заманауи цифрлық технологиялар көмегімен ежелгі уақытта болуға мүмкіндік беру үшін толықтырылған шындықты әрі қарай сандық визуализациялауда көп уақыттық ғылыми реконструкцияларды жобалау бойынша жұмысты жалғастыру ұсынылады.

Болашақта осы талқылаудың нәтижелері ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра ескерткішіне әсерін бағалау жалпы сарапшылар есебіне енгізілетін болады.

Жарияланған күні: 09.04.2020

Көрулер саны: 669