Ортағасырлық кезең

Дәуір туралы

ХІІ ғғ. – қала мәдениетінің өркендеуі және Қожа Ахмет Ясауи өмір сүру кезеңі

Бұл кезең ортағасырлық қала мәдениетінің өркендеуі және Қараханидтер билігі кезеңіне сәйкес келеді (X–XII ғғ.). XII ғасырларда Күлтөбе қалажұрты ірі мәдени, діни және экономикалық орталыққа айналады және Ясы қаласы деп аталады. Кейбір мәліметтер бойынша Ясы қаланың маңы болған, ал басқа мәліметтер бойынша ежелгі Шавғарға қанаттас қала болып саналған.

Мамандардың сенімі бойынша ортағасырлық кезеңде Күлтөбе төбесінде Ясы қаласының рабаты орналасқан. Рабаттың басты ғимараты – күйдірген саздан жасалған тақтайшалармен безендірілген екі жақты кірес кескіні бар қамал қасбеті болды. Күлтөбеде оның көптеген қалдықтары табылған.

Күлтөбе қалажұртында осы кезеңге жататын бірқатар құрылыс құрылымдары табылған. Олардың ішіндегі ең маңыздысы әртүрлі мақсаттағы жиырма ғимараттың қалдықтары, олардың төртеуі діни рәсімдерге арналған құрбандық орындары, сондай-ақ қамал қабырғасының сынықтары болып табылады.

Қала сопылық уағыздаушы Хожа Ахмет Ясауидің арқасында танымдылыққа иеленді, ал ол қайтыс болғаннан кейін бүкіл түркі алабында ерекше құрметті орын ретінде жалпыға танымал болды.

Бекініс қабырғаларының  қалдықтары

Күлтөбенің бекініс қабырғасының қалдықтары  шығыс және оңтүстік аймағындағы орталық төбешіктің оңтүстік-шығыс жағында табылды. Шығыс аумағында сау қалған қабырға қалдықтары шикі кірпіштен (40х18х10 см) қаланған, ұзындығы 25 м, қабырға қалыңдығы 1,7–1,9 м, биіктігі 2,5 м болған. Археологтар бекініс қабырғалардың белгілі жерлерінде тікбұрышты қалыңдатылған бөліктерінде күзет мұнаралары болды деп есептейді.

Бекініс қабырғасының кірпіш құрылымы тұтастай алғанда ет-бетімен қалауды «қисайта қырымен» қалаумен үйлестіру Отырар оазисінің ортағасырлық қала құрылысына тән. Моңғол дәуіріне жататын бекініс қабырғасының төменгі бөлігі сылақ қалдығы сақталып қалған, ал аралас қалған қабаттары Ақ Орда билігі кезеңіне жататыны анық.

 Керамикалық шеберхана

Бұл мәдени қабатта табылған заттардың ішінде- ежелгі  алты пеші бар керамикалық шеберхана жатады. Сондай-ақ, шеберханада 8 камерадан тұратын технологиялық тұрғыдан бірегей керамика пеші табылды. Сарапшылардың пікірінше, Күлтөбеде тұрмыстық бұйымдар - құмыралар және басқа да әр түрлі тұрмыстық заттарды керамикалық өндіру ғана емес, қаптама тақтайшалар да өндіру жақсы дамыды. Бұл қаптама тақтайшалар Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қаптаған тақтайшаларға ұқсас. Бұл, Күлтөбеде тақтайшаларды шығаратын шеберхананың болғандығының дәлелі.

Алтарьлар (құрбандық шалатын орын)

Ерте ортағасырлық кезеңдегі үй-жайлар едендерінде саз балшықтан жасалған ошақ- құрбандық орындары болуымен сипатталады. Олар ауданы жағынан шамамен 1,2х1 м болатын бөлменің ортасындағы еденде тікбұрышты алаң түрінде болды.

Құрбандық ошағында, әдетте, шеттерінде биік емес ернеулері болатын. От салатын жерінің ортасында диаметрі 10–12 см күл мен көмір салынған тесігі бар болады, онда әдетте кішкене керамикалық ыдыс көміледі. Сарапшылар құрбандық ошақтарының мен декоративті элементтердің қолдану мақсаты туралы әртүрлі көзқарастар айтады, бірақ олардың әдет-ғұрыптық және діни маңыздылығы сөзсіз.

Артефактілер

Күлтөбелік артефактілері ортағасырлық дәуірге жататын әр түрлі қыш бұйымдар - тұрмыстық ыдыс-аяқтар және қапталған тақташайлар ретінде бізге жетжеткен.

Қамалдың қасбетінен жасалған сәндік күйдірілген саздан жасалған тақтайшалар ерекше қызығушылық тудырады.

Артефакттар
Үйде қолданылатын едендік табыну ошағының керамикалық атрибуты
Балшық материалы
Х–ХI ғғ.
Сипаттамасы

Күлтөбеде табылған бірегей заттардың бірі- үйде қолданылатын едендік құрбандық ошағының керамикалық атрибуты Х–ХI ғасырларға жатады.

Табылған зат - тығыз саздан жасалған керамикалық ошақ тұғырығы. Атрибут пішіні - диаметрі бойынша тұтаспаған бір жақ шетіне қарай сүйеніп тұрған тілімше ( пластина). Шеттерінде және ортасында үш үшкір шығыңқы жері- төбесі бар.

Толығырақ
Заман суреттері