Қазақ хандығының кезеңі

Дәуір туралы

XVI–XIX ғғ. – Қазақ хандығы кезеңі

Бұл кезеңде ежелгі Күлтөбе қалажұрты тығыз қоныстанған шахристан және  рабадымен үлкен қалаға өседі. Күлтөбе қалажұрты қаңлы дәуірінің ежеглі қонысынан  Ясы қаласына айналып, XVI ғ. саяси, экономикалық және мәдени орталыққа – Қазақ хандығының астанасына болды. Осы кезеңде қалалық инфрақұрылымның дамуы әрі қарай жалғасты.

XII ғасырда Ясы-Түркістан қаласы сопылық шейх Қожа Ахмет Ясауидің уағыз өткізетін жері ретінде ерекше атаққа ие болады.  XIV ғ. ежелгі түркі ақыны және сопылық уағыздаушы Қожа Ахмет Ясауи жерленген жерге жақын, Күлтөбе қалажұртынан 300 метр қашықтықта – Орталық Азиялық мұсылмандардың қазіргі таңда дейін ғибадат қылу орны сәулетті Ахмет Ясауи кесенені салынды.

Бүкіл түркі әлемінің рухани астанасы, ежелгі Түркістан мәдениеті тарихындағы ең көне және ең алғашқы кезеңі -Күлтөбе көне қалажұрты болды.

Тұрғын үй, үй-жайлар және магистралды көшелер

Күлтөбе қалажұртының солтүстік бөлігінде ортағасырлық тұрғын үйлер табылды, олар мамандардың пікірінше, Қазақ хандығы құрылғаннан кейін, шамамен XV–XVI ғасырларда салынған. Үйлердің тек негізі, дәлізі және есігі сақталған. Бөлмелердің бірінде тандыр табылды, ол тек нан пісіру үшін ғана емес, сонымен қатар жылытқыш ретінде де қолданылған. Сондай-ақ, кез-келген үйдің ажырамас элементі болатын пештер табылды. Күлтөбе қалажұртының солтүстік бөлігінде археологтар қазақтардың үй қирандыларын, сондай-ақ Қоқан кезеңіндегі үйлерін тапты. Зерттеушілер бұл үйлер XVI–XVII ғасырларға жатады деп болжайды. Қазба орнында төбелік бөренелер, шатырдың бөліктері, күлі бар қуыру пеші және дәліз табылды. Осы аумақтың бір бөлігінде XVI–XVII ғасырларға жататын 5 бөлмеден тұратын үй-жайлар да табылды.

Күлтөбенің рабад аумағында, рабаттың солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында, XIX ғасырға жататын, әр біреуінде 3–4 бөлмелері бар 17 үй-жайлар табылды.

Барлығы 56 бөлме, сонымен қатар, көше бойында орналасқан және Қазақ хандығының кезеңіне қатысты 6 бөлмеден тұратын негізгі көше мен сауда қатарлары ашылды.

Күлтөбелік пеш. XIV–XV ғғ.

Күлтөбе қалажұртының оңтүстік-шығысынан 40 м аралықтан кірпіш күйдіруге арналған пеш орны анықталды. Пештің бірінші от жағу камерасы мен үстіңгі бөлігінде көлденең күмбезді негізі сақталған. Пештің қабырғалары пешті пайдалану барысында оттың әсерінен қатты күйген шикі кірпіштен қаланған.  Қабырға бетін қатты қож басқан.

Қазіргі уақытта пеш толықтай аршылды. Пеш көлемі 2,62х1,60 м,от жағу касерасының тереңдігі 1 м, ішкі кеңістігі сынған күйдірілген кірпіш сынықтары мен майда таспен толған.

Күлтөбеден табылған кірпіш күйдіруге арналған пешке ұқсас пештер Орта Азия, оңтүстік-шығыс Еуропа аймағында Х–ХV ғғ. кеңінен қолданыста болған. Осыған ұқсас кірпіш күйдіруге арналған пештер Отырар оазисінде табылды. Қазіргі таңда Отырар мен Құйрықтөбе ескерткіштерінде 8 пеш орны зерттелді. Отырардан табылған пештер XIII–XIV ғғ. кезеңдеріне жатады. Күлтөбеден анықталған пештер шамамен XIV–XV ғғ. кезеңдеріне қатысты. Қ. А. Яссауи кесенесіне пайдаланылған кірпіштер осы жерден шығарылуы мүмкін деген де болжам бар. Мұндай пештерде үлкен кешенді монументальды құрлыстарға арналған әрлеуіш кірпіштер күйдіріліп шығарылған. 

Артефактілер

Осы кезеңге және XIV ғасырдан ертерекке жататын Күлтөбелік артефактілер – тиындар қазынасы, әр түрлі керамикалық ыдыстар және Ресей империясының ыдыстарының фрагменттерімен, ежелгі кітаптар, тоқымалық бұйымдар, балардың керамикалық ысқырғыш ойыншықтары және басқа да табылған заттарымен  ұсынылды.  Артефактілердің көбісі әрі толықтай зерттелмеген және әлі зерттелу үстінде.

Артефакттар
Кітаптар
материалы
XIX ғ.
Сипаттамасы

Күлтөбе қалажұртында араб өрме жазуымен және мамандардың алдын ала бағалауы бойынша Қоранға түсіндірмесі болып табылады.

Қазіргі уақытта артефактілерді «Остров Крым» ғылыми-реставрациялық зертханасының мамандары қалпына келтіруде.

Толығырақ
Бас киімдер
материалы
XVIII–XIX ғғ.
Сипаттамасы

Ежелгі Күлтөбе қалажұртында XVIII және XIX ғасырдың басына жататын үш үлгінің мөлшерінде ерекше бас киімдер табылды.

Күлтөбелік бас киімдер Бұхара еврейлерінің Түркістан қауымдастығы өкілдерінің дәстүрлі киімдерінің бір бөлігі деген болжам бар.

Толығырақ
Балалардың керамикалық ысқырғыш ойыншықтары
Балшық материалы
Сипаттамасы

Балалар ойыншықтары – сирек кездесетін археологиялық табыс, сондықтан Күлтөбелік ысқырғыш ойыншықтар үлкен этнографиялық қызығушылық тудырады. Бұл үлгілер айтарлықтай қарапайым және жоғарғы бөлігінде тесік бар, алмұрт тәрізді пішінде жасалған. 

Толығырақ
Тиындар қазынасы
Күміс материалы
XIV ғ.
Сипаттамасы

Қазынада 385 тиындар, олардың 297 күміс дирхемдері және 88 қола фельсі болды.

Дирхемдер Алмалық, Андижан, Буқара, Қашғар, Кенже, Маргинан, Отырар, Самарқанд, Тараз, Ходжент, Шаш, Янга қалаларында соғылды. Оқуға болатын жазуларында дирхемдер Хижра кезеңіне (1277–1297 жж.) 676–696 жж. жататынын білуге болады.

Фельстер типтері бойынша Отырар, Хижражәне Фарабта соғылғанға ұқсайды.

Толығырақ
Заман суреттері