Нысан Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстік-шығысқа қарай 600 м жерде орналасқан. Құрылыс аулалық құрылымды ғимараттың қирандысы болып табылады, ол қала қақпасынан басталатын қаланың негізгі көшесінің бойында орналасқан. Нысанның солтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс мен солтүстік бөліктерінде құрылыстар орналасқан, ал қалған аумағы аула бөлігі болған.
Бөлмелердің бірінің оңтүстік-шығыс қабырғасы ортасында қуыс орналасқан, ол тұрмыстық заттарға арналған болуы мүмкін. Сол бөлменің басқа қабырғасында еденнен басталатын қуыстары бар, мұндай қуыстар әдетте, көрпе төсекке, киім жинайтын сандықтарға, т.б. арналған болуы мүмкін. Қабырғалар бетінде қызыл түсті бояу іздері сақталған.
Басқа бөлменің оңтүстік-шығыс қабырғасының орталық бөлігінде қуыс тазаланды. Осы бөлменің солтүстік-батыс қабырғасында алауошақ пеші орналасқан.
Бөлмелердің қабырғалары жақсы сақталған, олардың қабырғалары мұқият сыланып, үстінен әктаспен боялған.
Аула құрылымды ғимаратты мамандар XIX ғ. жатқызады.