Нысан құрылымдық жағынан салттарды орындауға арналған салттық бөлмеден (зікірхана); тұрғын және шаруашылық бөлмелерінің кешенінен тұрады. Бұл кешен сопы уағыздаушыларына 200 жылдай қызмет еткен және бірнеше құрылыс кезеңдерінен өткен. Бірінші кезеңге кешен салынған ежелгі зират жатады. Зікірхананың өзі екінші кезеңге жатады. Үшінші кезеңге зікірхананы қоршап тұрған тұрғын және тұрмыстық ғимараттар жатады.