Нысан әр уақытта салынған 2 мешіттен тұрады. XVII ғасырдың басындағы мешіт 4 бағаналы және үлкен аулалы айванмен жабылған орталық зал түрінде болған. XVIII ғасырдың мешіті көне құрылыстың үстінен салынған және ол орамдық мешіт рөлін атқарған. Мешіт құрылымдық жағынан орталық бөлмеден және 2 айваннан тұрған. Мешіттің басты есігі негізгі көшенің оңтүстігінен болған.