XIX ғ. – XX ғғ. басы тұрғын үй

Күлтөбе қалажұртында археолгиялық қазбалары секторында төселген көше бөліктері, ғимарат қабырғалары, ішкі алаң дуалы және өткелдер, сонымен қатар жобалуы бойынша тұтастай сақталып қалған тұрғын үйі бар аз қабатты ғимарат табылды.

Мамандардың айтуы табылған тұрғын үй бойынша  Қоқан хандығы  (XIX ғ. – XX ғ. басы) кезеңіне жататын әдеттегі айваны мен алаңы бар Орталық Азия ғимарат болып шықты. Айван деп бағандармен немесе тіректермен бекітілген тегіс жабылған террасаны атайды. Бұл тұрғын үйдің негізгі алдыңғы кіре беріс бөлмесі болған.

Үйдің негізі пахсымен толтырылған жалқы тірек болған. Бұндай үйлердің шатыры ағаш діндері және қалың пахсы қабатымен жабылған. Айванның дуалдары, есіктері және тіректері оюлармен безендірген. Үйлер түтіндігі бар ошақтармен жылытылған. Үйлерде жиһазадар дерлік болмаған, олардың орнына қабырғаларға тесік жасап сонда төсек-орын керек-жарақтар, үй ыдыс-аяғы және басқа тұрмыстық заттар салыған. Киімдер сандықтарда сақталған. XIX ғ. – XX ғғ. орташа тұратын адамның тұрғын үйлерінің толық көрінісі осындай болған.