Б.з.б I ғ. – б.з. II ғ. бекіністі ғибадатхана қабырғалары

Құрылыс- екі мұнаралы қорғанмен жалғасқан кірес тәрізді ғимарат.  Бекініс қабырғаларының фрагменттері  2019 жылы фундамент бөлігі және цокольді құрылыс ретінде археологтармен айқындалған.

42x20x8 см болатын шикі кірпіштің қалануына қарай негізігі құрылыс бір жолғы болған, бірақ сосын құрылымның қабырғалары бірнеше рет қалпына келтірілген және айтарлықтай өзгертілген. Олар арнайы құрылыс футлярымен толықтырылып, іш жағынан қосымша пахсы блоктарымен нығайтылған. Мұнаралардың бірі атыс ойықтарының төменгі бөліктерін сақтап қалуы Күлтөбе ежелгі рабатының бастапқы көрінісін толықтай қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

Рабатты құратын бекіністі қабырға басты кірес тәрізді ғимараттан кейін салынған. Нығайтылған ғибадатхананың қабырғалары және рабат Күлтөбе қалажұртының сәулет кешенінің ең ескі бөлігі және Қазақстан аумағында табылған қалалық құрылыстардың ең ежелгісі болады.