Проф. Рафаэль Миргасимович Валеев - халықаралық қатынастар институты директорының ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі орынбасары, Қазан (Приволжск) Федералдық университетінің Дүниежүзілік мұра кафедрасының меңгерушісі, Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігінің сарапшысы, консервациялау мәселелерімен айналысатын сәулетші. 1977 жылы Қазан мемлекеттік университетінің (қазіргі Қазан (Приволжск) Федералдық университеті) тарих-филология факультетін, 1981 жылы КСРО Ғылым Академиясының Қазан филиалының Г. И. Ибрагимов атындағы Тіл, әдебиет және тарих институтының аспирантурасын үздік бітірген. 1990 жылы кандидаттық, 2011 жылы «археология» мамандығы бойынша докторлық диссертацияны қорғаған. 2007 жылдан профессор, Татарстан Республикасының Мәдениет қайраткері (1996 жылы), Татарстан Республикасының ғылым қайраткері (2019 жыл) атанды. 1990-шы жылдардан бастап ол Татарстан Республикасы бойынша экспедициялар ұйымдастырып, мұра нысандарын зерттеп, құжаттап, мұраны басқару, оны сақтау және қалпына келтіру мәселелеріне белсенді қатысады. Ол ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне бірқатар номинацияларды, олардың ішінде «Қазан Кремлі» тарихи-сәулет кешені» (2000), «Болгар тарихи-археологиялық кешені» (2014), «Свияжск қала-аралының Успен соборы және Успен ерлер монастыры» (2017) нысандарын дайындауға жетекшілік етті. 200-ден астам жарияланымдар мен әдістемелік жұмыстардың, оның ішінде 20 монографиялардың авторы.