Шайгөзова Жанерке Наурызбайқызы

Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Комиссиясының Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі ұлттық комитетінің мүшесі

«Күлтөбе қалажұртының тарихи орындарын қалпына келтіру» жобасының аға ғылыми қызметкері

Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының ғылыми жұмыс бөлімінің меңгерушісі. 2014 жылдан бастап 2020 жылға дейін «Қазақ көшпелілерінің өнері мен мәдениетіндегі дәстүрлі анималистік бейнелер мен мотивтер (ежелгі дәуір, орта ғасырлар және жаңа заман»), «Тарихи-мәдени орындардың, сондай-ақ Қазақстандағы жалпы қажылық орындарының орналасу картасы», «Қазақстанның мәдени және туристік тартымды жерлер виртуалды картасы» және т.б. бірқатар маңызды республикалық жобалардың орындаушысы болды.

«Орталық Азия елдеріндегі МММ бейне құжаттамасы» ((ИЧКАП, Сеул), «Материалдық емес мәдени мұраны сақтау және жылжытудағы әйелдердің рөлі» (ИЧКАП, Сеул) халықаралық жобаларының орындаушысы. Бірнеше далалық экспедицияларының мүшесі.

2019 жылдан бастап «Күлтөбе қалажұртының тарихи орындарын қалпына келтіру» жобасы бойынша аға ғылыми қызметкері.

70-тен астам ғылыми жұмыстар жарияланған. Олардың ішінде: «Дәуірлер диаграммасындағы қазақ мәдениетінің анималистік әлемі», «Қазақстанның тарихи және мәдени нысандары мен жалпы қажылық орындары альбомы», «Қазақстанның қасиетті жерлеріне тағзым ету практикасы» және басқалары.