Археолог, гуманитарлық ғылымдарының магистрі, 2021 жылдан бастап «Күлтөбе қалажұртының тарихи нысандарын қалпына келтіру» жобасында қазба жұмысының жетекшісі.
«Шағалалы өзенінің аңғарындағы ежелгі малшылар. Қола дәуіріндегі Солтүстік және Орталық Қазақстан тұрғындарының диетасы және тамақтану рационы» және «Бозоқ археологиялық шағын ауданы: әлеуметтік-кеңістіктік құрылымның қалыптасу ерекшеліктері мен кезеңдері» атты ғылыми жобаларында кіші ғылыми қызметкер.
Қазақстан археологиясының мәселелері бойынша бірқатар басылымдары бар.