Ақылбек Серік Шаймерденұлы

Гуманитарлық ғылымдар магистрі, археолог

2019 жылы « Күлтөбе қаласының археологиялық орындарын қалыпна келтіру» археологиялық экспедицияның жетекшісі

Ол Түркістан оазисінің қалалық мәдениетін археологиялық зерттеу саласында танымал маман. Әртүрлі археологиялық экспедицияларда 15 жылдан астам тәжірибесі бар.

Ақылбек С. Ш.  Отырар мемлекеттік археологиялық мұражай-қорық (Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдер ауылы) директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары.

2019 жылы ол «Күлтөбе қалажұртының тарихи орындарын қалпына келтіру» жобасының археологиялық экспедициясының жетекшісі болды.

Археологтың ғылыми еңбектері Ежелгі Түркістан мен Түркістан оазисінің басқа қалаларын зерттеуге арналған. Ол «VIIIIX ғасырлардағы Құлан қаласының діни өмірі туралы», «Түркістан оазисі қорымын археологиялық зерттеу», «Ортағасырлық Сауран медресесі», «Жаңа деректер аясындағы Арыстан баб кесенесі» және тағы басқа ғылыми мақалалардың авторы.