XIX ғ. Қолөнершілер орамы

Нысан тұрғын және өндірістік үй-жайлардан тұратын ірі қолөнер кешені болып табылады. Кешен тұрғын үй және өндірістік функцияларды орындайтын 4 ғимараттан және пештері бар өндірістік алаңнан тұрады. Кешен алаңында: күйдірілген кірпіш шығаратын пеш, керамикалық бұйымдарды күйдіретін пеш және әк пен басқа да шикізатты күйдіретін бірнеше пеш бар. Сондай-ақ, бұл аумақта сазды жібітуге қоланылатын 2 алаң бар.