Саудагерлер алаңы немесе басқаша керуен сарай 2 аулаға: батыс және шығысы деп бөлінген. Ғимараттың периметрі бойынша ұйықтауға және демалуға арналған 14 қонақ бөлмесі, оңтүстік бөлігінде 5 бөлмеден тұратын ас бөлмелерден және душ бөлмесінен тұратын. Басты, алдыңғы бөлмелер - қабырғалары мұқият сыланған және ағартылған бұрыштық бөлмелері болды. Оларда қабырғалар қуыстары және алды ашық пеш сақталған.