Осы кезеңде Ясы-Түркістан қаласы жергілікті, өңіраралық және халықаралық сауданың маңызды орнына айналды. Қала базар күндерінде сауда-саттық заттары жібек, маталар, жоғары көркем металлдан бұйымдар, керамика және т.б. сатылған кезде жанданды. Кейінгі ортағасырлық Түркістанмен қоса, Оңтүстік Қазақстан қалаларында ХХ ғ. басына дейін болған әртүрлі мамандағы қолөнершілер «касаба» атты цехтік ұйымдарға бірікті. Мұндай цехтардың әрқайсысында күйдіруге арналған пештері болған. Күлтөбелік көзеші шеберханасы- сондай бір ескерткіштердің бірі «касаб» өкілдере жатқан болуы мүмкін.
Құрылыс – дәстүрлі керамика шеберінің шеберханасы. Археологтар 2019 жылы ауданы 70 ш.м. болатын шеберхананың фрагментін анықтаған. Бұл аумақта қаланған көшенің, ғимараттың қабырғалары, аулалар мен өткелдердің қоршаулары анықталған.
Күлтөбелік көзеші шеберханасында керамикалық ыдыстартардан басқа Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне қаптама плиткалары да өндірілген. Күлтөбе табылған ұқсас аналогтар бұл деректі дәлелдейді.
Жалпы, мамандардырдың пікірінше XV – XVII ғ. кезеңі Түркістанда керамика өнерінің өрлеуі болды. Осы жерде тимуридттік керамиканың жергілікті бірегей бағыты –мөлдір құйма астынан ақ фонда кобалть көркем суреттері бар керамика дамыды.