Ғалымдар Күлтөбе қалашығын зерттеу барысында Қаңлы кезеңі, Түрік қағанаты дәуірі, Исламның таралуы мен нығаю кезеңі және Қазақ хандығы кезеңі секілді төрт дәуірді көріп отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақ мәдениет ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Андрей Хазбулатов хабарлады.
«Күлтөбе қалашығында археологтар өте сирек кездесетін және бірегей олжалар тапты. Бұл Қаңлы дәуіріндегі алтын зергерлік бұйымдар, күміс, қола және басқа да металдардан жасалған кейінгі дәуірдегі зергерлік бұйымдар, ежелгі және ортағасырлық қыш, көне монеталардың үлкен қоры, олардың ең көнесі Түргеш кезеңіне жатады. XVI –XVII ғасырларға жататын Түркістан ақша сарайында соғылған жергілікті өндіріске тиесілі монеталары да таң қалдырды», - дейді А.Хазбулатов.
Сонымен қатар спикер әйгілі «Тимур стилінің» аймақтық филиалы саналатын жергілікті ерекше стильдегі қыш бұйымдардың үлгілері табылғанын жеткізді.
Жарияланған күні: 10.09.2020
Көрулер саны: 982