Түркістанда археологиялық парк құрылады

Түркістан оазисіндегі мәдени және киелі ескерткіштердің ішіндегі ең танымал туристік орындардың бірі - ашық аспан астындағы «Күлтөбе қалажұрты» мұражайы болуы мүмкін. Археологтардың айтуы бойынша, ежелгі қаланың тарихы 2000 жылдан астам уақыт бұрын басталған.

Қалажұрт Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен 350 метр қашықтықта орналасқан. Күлтөбедегі алғашқы археологиялық ақпараттар Сенигова Таисия жетекшілігімен Түркістан археологиялық тобы 1972 жылы тапқан. 1980 жылдардың басында Күлтөбедегі зерттеулер жалғасты. Бірақ ежелгі қалажұрттағы ең ауқымды қазбалар бүгін жүргізілуде. Соның ішінде, археологтар үшін Түркістанның негізін құрушы- Ясы қаласының рабаты қай ғасырда қаланғанын түсіну керек мақсаты тұр.

Қазіргі уақытта Күлтөбе қалажұртын Eurasian Resources Group (ERG) қаржылық қолдауымен Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының мамандары зерттеу жүргізіп жатыр.

Қазір ең ірі археологиялық қазба жұмыстары және ашық аспан астындағы мұражайдың құрылуы қатар жүргізілуде. Күлтөбедегі ең алғашқы сәулет ескерткіштері біздің дәуіріміздің алғашқы ғасырларынан бастау алады. Ең кеші - Қазақ хандығы дәуіріне жатады.

Өткен жылдың алғашқы табылған заттарының ішінде Түргеш хандығы дәуірінің тиындары мен Қожа Ахмет Ясауи кесенесін безендіру үшін қолданылған тақтайшалар болды.

Сондай-ақ, қазба жұмыстары кезінде салттық ғимараттардың қалдықтары, тандырлы пештері бар қонақ бөлмелері, қыш ыдыстардың көптеген қалдықтары, балалардың ысқырық ойыншықтары, сонымен қатар осы жерде тағы үш ежелгі кітаптар мен тоқыма заттар да табылды.

Барлық кешенді жұмыстар келесі жылы аяқтау жоспарланған. Келешекте қалажұрт туристік бағыттың маңызды бөлігі болады. Егер өткен жылы Түркістанға туристер мен қажылыққа келген адамдар саны бір жарым миллионнан асса, жергілікті биліктің пікірінше, саябақ мұражайы олардың санын жеті миллионға дейін жетеді деп болжайды.

Жарияланған күні: 09.04.2020

Көрулер саны: 1016