КҮЛТӨБЕДЕ- ХАНАКА КЕШЕНІ ТАБЫЛДЫ

Түркістанда қазба жұмыстары нәтижесінде ортағасырлық жәдігер табылды. Ханака –деп аталатын кешен сопылық ағым өкілдерінің өмір сүру ұстанымдарын көрсетеді. Табылған қазбаларға қазір терең ғылыми зерттеулер жүргізілуде.

Күлтөбе қалашығынан табылған мекен- Ясауи кесенесінен 200 метр қашықтықта орналасқан. Бұл жер- Ханака атауымен белгілі. Табылған кешен бүкіл орта азия аумағындағы сопылық ағымның орталығы болып табылады. Қазба жұмыстарының  барысында жеті адамның сүйектері қазып алынған.

Ерлан Казизов- Қазақ мәдени ғылыми зерттеу иниститутының ғылыми қызметкері

Мұнда 7 мүрде табылды. Олар қағбаға емес, керісінше солтүстіккке  Ясауи кесенесіне қарап жерленген. Бұл жерленген адамдардың  сопылық ағымның өкілдері екенін дәлелдейді. Мұнда құжра, сопылар жиналып кеңесетін айван бар. Олар осында өмір сүріп, құлшылық жасаған.

Ханака- кешені 15-19 ғасырларда сопыларға қызмет еткен. Мұнда жатын орын, асхана , жуыну бөлмесі мен кеңесетін бөлмелер болған. Бұл жерден ортағасырда жасалған керамикалық заттардың қалдықтары табылды. Сонымен қатар ортағасырлық теңгелер қазып алынған.  

Бақытжан Нұрханов- «Әзірет Сұлтан» мәдени қорық мұражайы директорының орынбасары

Жерленген адамдардың сүйегі қазір антропологиялық зерттеуден өткізіліп жатыр. Ол бойынша Әзірет Сұлтанға туыстық қатысы бар ма жоқ па соны анықтаймыз.

Күлтөбе қалашығы – Ясауи кесенесінің маңында орналасқан. Бұл маңда 2018 жылдан бері қазба жұмыстары жүріп келеді. Мұнда табылған заттар көне Түркістан қаласының 3 мың жылдық тарихы бар екенін дәлелдеп берді. Қазір зерттеу және қазба жұмыстары жалғасып  жатыр. Бүгінде қалашықты қалпына келтіруге  200-ге жуық қызметкер жұмылдырылған.

 

Жарияланған күні: 26.08.2020

Көрулер саны: 915