Күлтөбе қалажұртында ежелгі үйлер қалдығы табылды

Күлтөбе - ежелгі қалажұрт. Дәл осы жерде заманауи Түркістан аумағында алғашқы қалалық типтегі ғимараттар табылды. 17 қаңтардан бастап Мәдениет және спорт министрлігінің жобасы аясында мұнда 80 археологтар зерттеулер жүргізід. Олардың арасында тәжірибелі профессорлар да, жаңадан келген мамандар да бар.

Археолог Асылхан Кәрім:

-Бізде негізінен ортағасырлық керамика, ыдыс-аяқ, ежелгі ғимараттардың қалдықтары бар. Күлтөбеде табылған артефактілер әр дәуірлерге жатады. Кейбіреулері біздің дәуіріміздің дейінгі екінші ғасырға жатады. Қазба жұмыстары жалғасып жатыр. Біз бұдан да қызықты қазбаларға кезігеміз деп үміттенеміз.

Қазір археологтар барлау қазбаларын жүргізіп, аймақты топырақ үйінділерінен тазартуда. Қалажұрттың солтүстік бөлігін зерттеудің алғашқы күндерінде мамандар ежелгі үйлерді тапты. Тарихшылардың айтуынша, олар Қазақ хандығы құрылғаннан кейін, шамамен 15-16 ғасырларда салынған. Тұрғын үйден тек негіз, дәліз және есік сақталған.

Археологиялық топтың жетекшісі Серік Ақылбек:

-Бөлмелердің бірінде тандыр пеш табылған, ол сол кезде нан пісіру үшін ғана емес, жылытқыш ретінде де қолданылған. Біз сол кездегі әрбір үйдің ажырамас элементі - пештің қазанын аштық. Қазба жұмыстары кезінде біз балалар ойыншығын - керамикалық ысқырықты және Ресей империясында жасалған ыдыс-аяқтарына кез болдық. Бұл Қазақ хандығының Ресей империясымен тығыз байланыста болғанын дәлелдейді.

ЕжелгіКүлтөбе қалажұртында археологиялық қазба жұмыстары үш жылға созылады. Бұл жерден ашық аспан астындағы мұражай жасау жоспарлануда.

Авторлары: Габитов Рауль, Абишов Ерболат.

Жарияланған күні: 31.01.2019

Көрулер саны: 1206