Күлтөбе қалашығынан табылған ханаканың сыры неде?

Ежелгі сопылық құрылыстың орны биылғы археологиялық қазба жұмыстары кезінде Түркістан қаласының ең ежелгі бөлігі, Күлтөбе қалажұртында табылған, деп хабарлайды Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы.

Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты мамандардың пікірінше, бұл – XV ғасырдан XIX ғасырға дейінгі аралықта жұмыс істеген ерекше мәдени сәулет ескерткіші. Өйткені мұнда барлық үй-жайлар мен ғұрыптық бөлмелерінің қалдықтары ғана емес, қызмет еткендердің табыттары табылған.

«Күлтөбеде ашылған ханака — Ясауи тариқатымен тікелей байланысты ежелгі дәуірдің ең қызықты құрылымдарының бірі. Оған дәлел Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жақын жерде, яғни 300 метр қашықтықта орналасуы, мүрделердің басы солтүстікке, яғни кесенеге қарай бағытталуы. Қасиетті қабірлерге табыну қоғамдастықтың негізін қалаушы немесе сопылық тариқатының ерекше құрметті мүшесі жерленген жерлерде көптеген Орта Азиялық мен Шығыс ханакаларының болуы анықталған», – дейді жобаның ғылыми жетекшісі, философия докторы

Ғалымдардың айтуынша, жоғарғы билеушілердің тапсырысымен мұндай орындардың салынуы мешіттер мен медреселерді салумен қатар оң іс деп саналған. Әдетте, олар барлық мұсылман елдерінің қалаларында және жол бойында салынған. Күлтөбе қалажұртындағы ханака — жылыту пештері мен кішкентай тандырлары бар 10 бөлмеден тұратын кешен. Ғимараттың оңтүстік-шығыс бөлігінде 7 жер асты табыты бар тікбұрышты пішінді кесене орналасқан. Барлық жерленгендердің бастары солтүстікке – Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне бағытталғаны ханаканың Ясауи тариқатына жататындығы туралы болжамды дәлелдейді.

Айта кетсек, Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Күлтөбе қалажұртын ашық аспан астындағы музейге айналдыру ісі 2019-2021 жылдарға жобаланған. Тарихи орындағы 27 гектар аумақты зерттеп, табылған орындарды тарихи қалпына келтіру жұмыстары жасалады.

 

Жарияланған күні: 07.08.2020

Көрулер саны: 1051