Елбасы күлтөбедегі қазба жұмыстарымен танысты

Қазақстанда әлемнің археологиялық парктерінен кем түспейтін жаңа парк пайда болады. Түркістанның ежелгі бөлігі болған Күлтөбе қалажұрты қазақ даласының керемет сәулеттік нысаны болып саналады, деп хабарлайды Хабар 24 тілшісі. Елбасы «Күлтөбе қонысы» саябағын құру жобасымен танысты. Сондай-ақ, Түркістанда Нұрсұлтан Назарбаевқа күн сайын өзгеріп отыратын қаланың паркі жәна Арбатты салу жоспары туралы толық ақпарат берілді. Күлтөбе қалажұртының әртүрлі жерлеріне араб өрме жазумен жазылған үш кітап табылды. Олардың бірі пеште сақталған. Кітаптар - Құранға түсіндірме деген болжам алдын ала жасалды. Ғимараттардың салтанатты бөлмелерінде көптеген құнды жәдігерлерді табылды. Олардың әрқайсысы төрт тарихи кезеңдегі өмірдің ерекше бейнесін ашады. Күлтөбедегі ең алғашқы сәулет ескерткіштері біздің дәуіріміздің бірінші ғасырларынан, кейінгілері Қазақ хандығы дәуірінен бастау алған. Күлтөбе мыңдаған жылдардағы дала тарихының куәсі. Ал, бүгін Түркістан қайтадан жандануда. «Күлтөбе қалажұрты» жобасының ғылыми жетекшісі Хазбулатов Андрей: Түркістан тек қазақ халқы үшін ғана емес, бүкіл түркі әлемі үшін маңызды. Көне қалалардың бірі. Елбасы облыс орталығын Түркістанға көшірудің маңыздылығын атап өтіп, тарихтың қиын кезеңдерінде мұнда болашаққа, оның ішінде біздің замандастарға қатысты маңызды шешімдер қабылданғанын атап кетті. Түркістан қаласының құрылысы Тұңғыш Президенттің жеке бақылауында. Елбасы Күлтөбедегі қазба жұмыстарының барысымен танысты. Басқа еш жерде бірнеше кезеңдердің қиылысуы байқалмайды. Алдағы екі жылда қазба жұмыстары жалғасады. Қалажұрт туристік бағыттың маңызды бөлігі болады. Егер, қазір Түркістанға туристер ағыны 1,5 миллион болса, онда парктің ашылуы олардың санын 7 миллионға жеткізеді. Ежелгі қалажұрттың қазба жұмыстары қазіргі қаланың құрылысы сияқты қарқынды жүріп жатыр. 28 нысандар-жаңа әкімдік және медиа орталық, оқушылар сарайы, стадион, шығыс моншасы, көптеген саябақтар мен аллеялар салынуда. Елбасы нысандардың құрылыс барысымен танысты. Ғылыми-зерттеу жобалау институты директорының орынбасары Жүсіпов Еркен:- Қалада көптеген саябақтар болады. Мысалы, бізде ұзындығы 6 шақырым болатын саябақ болады. Мұның бәрі бір жерге демалуға келетін адамдар үшін жасалады. Қасиетті қала, Қазақ хандығы мен түркі әлемінің саяси және рухани бесігі - жаңа тарихын бастайды. Сондықтан, өткен тарих -маңызды. Қасиетті жерде 21 хан, 30 батыр, билер, сұлтандар жерленген болғандықтан жұмыстар ерекше мұқиятталықпен жүргізіліп отыр. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Түркістан облысының құрылғанын жариялап, қала салу, әкімшілік бірлік құру - бүкіл елдің дамуы үшін мүмкіндік екенін атап өтті. Адилова Айгүл, тілші: - Түркістан - көптеген тарихи кезеңдерден өткен қасиетті қала. Бұған әр дәуірдегі археологиялық олжалар дәлел бола алады. Бұл қасиетті жер ежелгі уақытта да, бүгін де ерекше рөлге ие болған. Қала тарихы - бүкіл түркі әлемінің, ең алдымен, барлық табысты елдер сияқты, алға ұмтылатын адамдар да тарихты ұмытпайтын қазақ халқының тарихы. Өткенсіз болашақ мүмкін емес екенін түсініп, оны құрметтейміз.

Авторлары: Адилова Айгүл, Ермекбаев Еділ, Әзіретханов Асхат, және Президенттің ТРК қолдауымен.

Жарияланған күні: 04.11.2019

Көрулер саны: 674