Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты «ERG Komek» компаниясының қаржылай қолдауымен жүзеге асырылған Күлтөбе қалажұртында 2019 жылғы археологиялық қазба жұмыстарының далалық маусымы жаңа бірегей олжалармен аяқталды. Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті "YMAI» Margulan Centre Халықаралық ғылыми зерттеу лабораториясының меңгерушісі Крупа Татьянның пікірі бойынша бұл шамамен XVIII ғ. XIX ғ. басына жататын бұхар еврейлердің ұлттық киімдерінің бөлігі болуы мүмкін (әйел киімінің жататын сияқты, бірақ бұл тұжырымдаманы дәләлдеу үшін қосымша зерттеу жұмыстарны қажет етеді. Нақты біз, ауқымды зерттеулер мен артефактілерді сақтау жұмыстарынан кейін ғана айта аламыз.) Күлтөбе ежелгі Ясы өзегі ретінде Ұлы Жібек жолындағы негізгі сауда орталықтарының бірі болып табылады. Мұндай «мәдениеттер тоғысуы» әрдайым әртүрлі этникалық қауымдастықтар мен діни конфессиялардың өкілдері болған ғалымдарды, саяхатшыларды, саудагерлерді, қолөнершілерді және басқаларды қызықтырды. Күлтөбе көптеген рухани ілімдерді, діндерді, салт-дәстүрлерді біріктіретін нағыз мәдениет орталығы болды. Біздің жаңа олжаларымыз - археологиялық тоқыма. Қазіргі уақытта Қазақстанда бұл осындай артефактілердің біріншісі екенін атап өту қажет», - деп түсіндірді жобаның ғылыми жетекшісі Хазбулатов Андрей. Археологтар Серік Ақылбек пен Айсұлу Ержігітованың тапқан заттары уақыт әсеріне сирек кездесетін ежелгі тоқыма болғандықтан бірігей болып табылады. Сондай-ақ, бұл бас киімдердің ерекшелігі – яхудтар, яғни Бұхара еврейлерінің Түркістан қауымымен байланысы. XVIII - XIX ғасырларда. Яхудтар Орта Азияның кейбір қалаларында - Бұхара, Ташкент, Самарқанд, Қоқан, Шахрисабз және Түркістанда өркендеп, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірдің көптеген аспектілерінде маңызды рөл атқарды. Яхуд діни өкілдері Түркістан оазисінің қалаларына әлдеқайда ертерек қоныс тапқаны белгілі. Осылайша, кейбір болжамдарға сәйкес, «дала» еврейлері мұнда біздің дәуірімізге дейінгі I мыңжылдықтың бірінші жартысынан бастап VIII–VII ғғ.өмір сүрген. Бұқара еврейлерінің киім-кешектері мен материалдық-мәдени нысандары жақында, 1990 жылдары посткеңестік кеңістіктегі жаппай көші-қон кезеңінен бастап мұражай коллекцияларының меншігіне айналды. Біздің елде бұл қорлар өте кедей. Сондықтан даланың мәдени әртүрлілігін дәлелдеген мұндай жәдігерлер біз үшін өте маңызды», - деп түсіндірді мәдениеттанушы Шайгозова Жанерке. «Бұхара» деген атпен белгілі болған Орта Азия еврейлері білікті бояғыштар, сондай-ақ текстильді көк түспен бояу бойынша аймақтық монополистер болған. Олар қасиетті символизмге ие болумен қатар, қымбат пигмент болған. «Шығыстың көркем мәдениетінде көгілдір және жасыл реңктер басқалардан басым болады, және бізге Күлтөбелік бас киімдері матаны бояудың және өңдеудің технологиялық ерекшеліктеріне ғана емес, сонымен бірге эстетикалық мәдени ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік береді үміттенеміз», - дейді өнертанушы Султанова Мадина. Табылған үш дана бас киімдер XVIII ғ. XIX ғ. басына жатады, ал Бұқара еврейлерінің дәстүрлі киімдері туралы алғашқы иллюстрациялық деректер 1860 жылдардағы Түркістан альбомында кездеседі. Біз Күлтөбе қалажұртының соңғы олжаларын қолдана отырып қазақ-еврей әлеуметтік-мәдени және экономикалық қатынастарын терең және жан-жақты зерттеп, ежелгі және қазіргі Қазақстанның тарихи-мәдени көрінісінің бірегейлігі туралы идеяларымыз бен білімімізді айтарлықтай кеңейтетімізге сенімдіміз», - деп қорытындылады жобаның ғылыми жетекшісі Хазбулатов Андрей.
Жарияланған күні: 09.04.2020
Көрулер саны: 634