Түркістанда ашық аспан астында археологиялық парк жасалып жатыр

Түркістанда Eurasian Resources Group қаржылай қолдауымен «Күлтөбе қалажұрты» бірегей паркі ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл жоба Мәдениет және спорт министрлігі, Eurasian Resources Group пен Қазақ ғылыми- зерттеу мәдени институты (ҚазҒЗМИ) арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылады.

Археологиялық парктің тұсаукесер рәсімінде ҚазҒЗМИ және ERG басшылығы (ҚазҒЗМИ мұрағаты)

«Күлтөбе қалажұрты» археологиялық паркін жасаушы мен ұйымдастырушысы - ҚазҒЗМИ Қазақстанның мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және насихаттау жобаның басты мақсаты екенін атап өтті. Парктің дамуының әр кезеңі ЮНЕСКО және ИКОМОС халықаралық мамандармен келісіледі, Премьер-Министр Асқар Маминнің ерекше бақылауында.

Дәл осы қалажұрттан Шавғар, содан кейін Ясы деп аталған қазіргі Түркістан өз бастауын алды, кейіннен сол атпен аталып кетті. Паркте ұсынылатын архитектуралық элементтер қалажұрттың ежелгі тұрғындарының күнделікті өмірі мен тұрмысы, олардың дүниетанымы мен діни сенімдері туралы көп мәлімет береді.

Кірес тәріздес ғибадатхананың ішкі көрінісі (ҚазҒЗМИ мұрағаты)

Парктің ең ескі бөлігі – сармат-қаңлы кезеңінің крест тәрізді ғибадатханасы (б.з.д. I ғасыр – б.з. I ғасыр) болып табылады. Мұнда ежелгі адамдар Күнге табынуға арналған түрлі рәсімдер өткізген.

Алтын мен зергерлік бұйымдардың қазынасы: сырғалар, қоңыраулар, моншақтар және басқалар ежелгі кезеңге жатады.

Күлтөбе қалажұртынан табылған алтын және зергерлік бұйымдар. Фотограф Белялов О.

Парктің негізгі нысандарының қатарына II-III ғасырлардағы ғимараттар, «Бұрышты үй», II- IV ғасырлардағы қамал қабырғасының шығыс бөлігі, Х-ХІІ ғасырлардағы тұрғын және діни ғимараттар жатады. 

Күлтөбе сәулет құрылыстарына көрінісі (ҚазҒЗМИ мұрағаты)

Сонымен қатар, керамикалық бұйымдардың барлық керемет үлгілері жасалған ежелгі қыш пештері аман қалған «көшелері» де табылды.

Күлтөбенің ежелгі керамикасы (ҚазҒЗМИ мұрағаты)

Керамикалық бұйымдардың ішінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің әшекейлеуге арналған зерленген керамикалық тақтайшалар қалдықтары да бар. Яғни, бұл ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра ескерткіші болып табылатын кесенені салуға қатысқан шеберлер осында өмір сүргенінің дәлелі.

Күлтөбеден табылған зерленген керамикалық тақтайшалар (ҚазҒЗМИ мұрағаты)

Паркке келушілер бұрын-соңды сауда орталығы болған ежелгі сауда көшелерін көре алады. Сауда орталығы болғанының дәлелі әр уақытқа жататын көптеген осында табылған тиындар болады.

Бұқархудат кезеңінің тиыны. Күміс, VIII - X ғғ. (ҚазҒЗМИ мұрағаты)

Кейбір үлгілер өте ерекше, олардың арасында араб-соғды өрме жазуы бар Бұқархудат типіндегі күміс дирхемдер, Түргеш қағанаты кезеңіндегі мыс фельстері және басқалары бар. Қоқан хандығы дәуіріне, Ресей империясының дәуіріне жататын мыс тиындар да маңызды олжа болды.

Түргеш қағанатының тиыны. Мыс, VIII - IX ғғ. (ҚазҒЗМИ мұрағаты)

Парктің бір бөлігі - ерте ортағасырлық дәуір IX-XII ғасырларға, Ұлы дала кезіндегі ең құрметті данагөй, философ және діни жетекші Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен қызметі кезеңіне жататын бірнеше нысандарынан тұрады. Ол осында өмір сүрді, дәл осы жерде оған түркі әлемінің әр түкпірінен көптеген оқушылар мен ізбасарлар келді.

XVI - XVIII ғасырларда қала хандықтың астанасы болғандықтан парктің мамандары мен жасаушылары Қазақ хандығы кезеңіндегі ғимараттарды зерттеуге ерекше назар аударды. 2020 жылы қалажұрттың осы секторын зерттеу жоспарланған. Мамандар жаңа және маңызды ашылулар болады деп үміттенеді.

Жасаушылар «Күлтөбе қалажұрты» археологиялық паркінде әрбір маңызды нысанды 3D кеңейтілген шындық пен мобильді құрылғылардың QR кодтарын қолдану арқылы толықтай көруге болатын заманауи мультимедиялық платформаға айналдыруды жоспарлап отыр.

Келушіге бір мезетте қызықты және бай ақпарат алуға, қалажұрттың тарихи және мәдени маңызды кезеңдері туралы бейнефрагмент көруге немесе мобильді құрылғыда айналма панорама көрінісін қызықтауға мүмкіндік алады.

«Күлтөбе қалажұрты» археологиялық паркінің панорамалық көрінісі (ҚазҒЗМИ мұрағаты)

Паркке келушілер қазірдің өзінде кәсіби археологтар мен экскурсия жетекшісілерінен - қалажұрт тарихы туралы естіп, көріп, керамиканың, зергерлік бұйымдардың, ежелгі кітаптардың және тағы басқалардың ерекше үлгілерімен таныса алады, яғни Ұлы Жібек жолы бойындағы Қазақстанның әйгілі ортағасырлық қалаларының бірінде сол уақытта болғандай сезімге ие болады.

Жасаушылар болашақта бұл бірегей парк белгілі бір жерде бірнеше тарихи дәуірлерді көрсететін елдегі қызықты туристік тартымды орын ретінде танымал болып қана қоймай, сонымен бірге мүдделі мамандар үшін Қазақстанның тарихы мен қалалық мәдениетін терең зерттейтін орын болады деп сенеді.

«Күлтөбе қалажұрты» археологиялық паркі (ҚазҒЗМИ мұрағаты)

Бүгінгі таңда «Күлтөбе қалажұрты» археологиялық паркі бізге үлкен бизнес пен ғылымның, ERG және ҚазҒЗМИ жемісті бірлестігін көрсетеді. Бұл ауқымды жоба ERG-тің жалғыз әлеуметтік жобасы емес. Жалпы, соңғы бес жыл ішінде ERG-тің республикадағы түрлі іс-шараларға әлеуметтік инвестицияларының көлемі 107 млрд. теңгеден асты және компания Қазақстанның әрі қарай тұрақты дамуына бағытталған мұндай жобалардың әлеуметтік, мәдени және тарихи маңыздылығын түсінеді.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне қалажұрттан көрініс. Мұрағаттық фотосурет.

Жарияланған күні: 06.05.2020

Көрулер саны: 911