Кірес тәріздес құрылыс

Қабырғаларының биіктігі үш метрге дейін жетіп, пахса және шикі кірпіштен салынған. Құрылыста үш бөлме: орталық ұзын ғимараттың өлшемі 3,7 х 2,9 м және аркалы өткелдермен байланысатын және орталықтың екі жағындағы әрқайсында бір ғимараттың өлшемі 2.35 x 2.9 м болып орналасқан.

Сарапшылар кірес тәрізді құрылымның таза діни мақсатында қолданылған және ежелгі қасиетті орын (ғибадатхана) екендігі туралы пікірді бірауыздан айтты. Крес тәрізді құрылымның болжамды жасы -I-II ғасыр.

Жалпы, ғалымдар бұл мәдени орын қаңлы дәуіріне жататын қасиетті ғибадатхана деп санайды.

Күлтөбе қалажұртының крес тәрізді ғибадатханасының аналогтары Қазақстанның Тараз облысында, сондай-ақ Өзбекстан мен Қырғызстан аумағында табылды.

Бұл крест тәрізді құрылымды белгілі қазақ ғалымы Е.А. Смағұловтың басшылығымен  мұқият зерттеу ежелгі Қазақстанның қаңлы дәуірі өмірінің аз зерттелген аспектілерінің бірін ашты.