Қаңлы кезеңі

Дәуір туралы

I–V ғғ. – қаңлы кезеңі

Күлтөбе қалажұртының ең ежелгі мәдени қабаты - археологиялық ескерткіштердің үйлесімді кешені: рабат, оның бекініс қабырғасы және қаңлы дәуірінен қалған кірест тәріздес ғибадатханадан тұрады.

Барлық нысандар мен артефактілердің уақыт кезеңіне жатуы жолжамды және әлі де нақтылауды қажет етеді.

Қазіргі уақытта бұл кешен бірнеше ғасырларға қарамастан өзінің бастапқы түрінде сақталған Қазақстанның белгілі сәулет-бекініс ескерткіштерінің ішіндегі ең көнесі болып табылады.

Қалажұрттың материалдары сол алыс дәуірде болған тарихи-мәдени процестерді, сондай-ақ қалажұрттың ежелгі тұрғындарының рухани және материалдық мәдениетінің  аз зерттелген жақтары туралы білімімізді тереңдете түседі.

Күлтөбе қалажұртының ең ежелгі мәдени қабаты - археологиялық ескерткіштердің үйлесімді кешені: рабат, оның бекініс қабырғасы және қаңлы дәуірінен қалған кірест тәріздес ғибадатханадан тұрады.

Барлық нысандар мен артефактілердің уақыт кезеңіне жатуы жолжамды және әлі де нақтылауды қажет етеді.

Күлтөбе–Ясы рабаты

Күлтөбе-Ясы рабаты - I–V ғасырларға жататтын қорғаныс, тұрғын және діни ғимараттардың күрделі кешені.

Осы кезеңде кешеннің жеке үй-жайлары бірнеше мәрте салынып, қайта құрылды. Рабат пахса және шикі кірпіштен салынған.

Сәулет стилистиксына сәйкес, Күлтөбе-Ясы рабатының Қазақстанның оңтүстігінде және ішінара Орта Азияда бірнеше аналогтары бар, бірақ қазіргі уақытта жалғыз тұтастай сақталған кешен.

Рабаттың бекініс қабырғасы

Күлтөбе-Ясы рабаты мықты бекініс қабырғасымен қоршалған. Бұл қабырғаның ең көне бөліктері қазір «шығыс қабырға» деп аталады. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл бүкіл кешеннің I-II ғасырдан кеш емес жасалған ең көне бөлігі. Сол уақытта Күлтөбе ежелгі қалажұрты осы аймақтағы Ұлы Жібек жолының ең жанды тармақтарының бірі болды. Рабаттың ежелгі бекініс қабырғасының қалыңдығы 3,2–3,8 м дейін және бірнеше құрылыс қосымшалары бар екендігі анықталды. Қабырға пахсадан және шикі кірпіштің қабатынан тұрғызылған. IX–X ғғ. рабаттың қорғаныс қабырғалары барлығына жуығы қайта құрылып жөнделген, бұрынғы қабырғалардың фрагменттері жаңаларымен жабылған.

Кірес тәріздес құрылым

Кірес тәріздес құрылым Күлтөбе-Ясы рабатының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Бұл массивті кірес тәрізді құрылым (тең жақты кірес). Кірестің өлшемі 18х18 м, «сәулелерінің» ені 7 м.  «Кірес» сағат тілінің бағытымен 8 ° аспай жылжығанда кардиналды нүктелер бағытына дәл бағытталған. Кресттің ұштары жұмырланған. Қабырғаларының биіктігі үш метрге дейін жетіп, пахса және шикі кірпіштен салынған.

Құрылыста үш бөлме бар: орталық ұзын ғимарат (13,7х2,9 м) және аркалы өткелдермен байланысатын және орталықтың екі жағында (2.35x2.9 м) әрқайсында бір ғимараттан орналасқан.

Сарапшылар кірес тәрізді құрылымның таза діни мақсаттары бар және I–II ғасырға жататын ежелгі қасиетті орын (ғибадатхана) екендігі туралы пікірді бірауыздан айтты.

Артефакттар

Сармат-қаңлы дәуіріне жататын Күлтөбе артефакттары киелі образдар, бейнелер және көне дәуірдің таңбаларын толық қанды елестетуге көмектесетін қазақстандық және әлемдік мәдени мұраның ажырамас бөлігі болып табылады. Топтамаға алтыннан және жартылай бағалы тастардан жасалған зергерлік бұйымдар, ескі тиындар, антропоморфтық мүсіндер және басқа да салт-дәстүрлік атрибуттар кіреді. «Ерекше» және «ең ескі» сөздер көптеген Күлтөбелік жинақтарына, әсіресе сармат-қаңлы дәуірінің материалдарына бірінші кезекте тән.

Артефакттар
Қошандық тиын ( б.з. II ғ. ортасы)
материалы

Смағұлов Е. А. фотасы
б.з. II ғ. ортасы
Сипаттамасы

Күлтөбеде табылған II ғасырдың ортасына жататын Қошан патшасы Хувишкидің ерекше тиыны үлкен қызығушылық тудырады. Сол қолын көкке көтеріп, «аяғын өзіне бүгіп отырған патша» бейнеленген тиындар қатарына жатады. Тиынның келесі бетінде оң қолын «төрт тісті» тамғаға қарай жайған інжуден жасалған шеңбері бар Құдай бейнеленген.

Толығырақ
Алебастрлы пұттар
Алебастр материалы

Смағұлов Е. А. фотасы
II ғ. ортасы III–IV ғғ.
Сипаттамасы

Зергерлік бұйымдармен қоса Күлтөбенің ең ерте мәдени қабатында археологтар антропоморфты пішіндегі алебастрлы  пұттар табылды.

3 данадағы үлкен емес пішіндер қарапайым жасалған. Жақсы сақталған, бояулардың ізі байқалғандықтан түпкі нұсқасында бояулы болған. Бұл пұттарда көз, мұрын және ауыз, ерекшеленетін шаштары шебер жасалған. Олардың биіктіктері 9 см шамасында.  Негізі, пұттар ата-бабаларға табынудың көрінісі, Сырдария өңірінің алғашқы ескерткіштері ретінде кездеседі.

Толығырақ
Керамикалы бұйымдарда тамғаға ұқсас белгілер
Балшық материалы

Смағұлов Е. А. фотасы
III–IV ғғ.
Сипаттамасы

Бірегей күлтөбелік табылған заттар арасында шикі саз үстінде анық түсірілген тамға сияқты танымбелгілер қызықтырады. Олардың ішінде еркше қызуғышылық тудыратыны – бұрышында дөңгелектері бар төртбұрышты белгілер. Қарапайым кірес және свастикамен қоса бұл белгі күлтөбелік топтамада ең көп таралған белгі. Олардың детальді зерттелуі жіне аналогияларын табу келешекке жоспарланған.

Толығырақ
Әйнек моншақтар
Шыны материалы

Смағұлов Е. А. фотасы
II ғ. ортасы III – IV ғғ.
Сипаттамасы

Күлтөбеде зергерлік бұйымдар ішінде ортасында тесігі бар, көгілдір түсті дөңгелек пішінді әйнек майда моншақтар табылған.

Толығырақ
Алқа
материалы

Смағұлов Е. А. фотасы
II ғ. ортасы III–IV ғғ.
Сипаттамасы

Әр түрлі материалдан жасалған моншақтардан тұратын, мысырлық фаянс, паста, маржан және басқа тастармен үйлесетін күлтөбелік алқалар қызығушылық тудырады. Алқа әр түрлі көлемдегі 20 тастан жасалған.

Толығырақ
Тас бұйымдар
Тас материалы

Смағұлов Е. А. фотасы
II ғ. ортасы III–IV ғғ.
Сипаттамасы

Табылған заттар арасында тастан жасалған ортасында жинақы дөңгелек тесігі бар жіңішке төртбұрышты плиткалар болды. Олардың беттері мұқият өңделген. Олардың біреуінің материалы ұсақ дәнді тас тау жынысты қызыл-қара түсті, ал басқасы «өлі» кәріптастан жасалған.

Толығырақ
Тесілген ақықтастар
Сердолик материалы

Смағұлов Е. А. фотасы
II ғ. ортасы III–IV ғғ.
Сипаттамасы

Күлтөбенің мәдени қабатында трапеция тәріздес пішінді,  ұзындығы бойынша ортадан тесігі бар ақықтастар табылған.

Толығырақ
Қола салпыншақтар
Қола материалы

Смағұлов Е. А. фотасы
II ғ. ортасы III–IV ғғ.
Сипаттамасы

10 кішкене дәндер немесе өсімдіктер ұрықтары түрінде жасалған қола салпыншақтар қызығушылық тудырады. Салпыншақтар дөңес, үшбұрышты  пішіндес. Кішкене сақиналары алқа топтамасының бөлігі болғанының белгісі.

Толығырақ
Қола қоңырау
Қола материалы

Смағұлов Е. А. фотасы
II ғ. ортасы III – IV ғғ.
Сипаттамасы

Қоладан жасалған күлтөбелік бұйымдар арасында темір тілшесі бар кішкене қоңырау ерекше атап өтуге болады. Онда шеңбер сызықтары болған сияқты. Қола қоңыраулар – әр түрлі үлкен моншақтар, сүйектер және басқа да заттардан тұратын, бәле–жаладан қорғайтын бойтұмарлардың деталі болатын.

Толығырақ
Алтын әшекей заттар детальдары. «Қабыстырылған қоңыраулар»
Алтын материалы

Смағұлов Е. А. фотасы
II ғ. ортасы III – IV ғғ.
Сипаттамасы

Күлтөбелік алтын әшекейлердің арасында 7 дана «қабыстырылған қоңыраулар» ерекше қызығушылық тудырады.

Оның негізі 18–19 мм майыстырылған доға жіңішке жолақшалардан жасалған. Шеттері одан да жіңішке пішінделген жолақшалармен қапсырылған, ал үстінде киімге  ілу үшін сол жолақшамен шығыршық жасалған. Екі жағы да жіңішке доғалы қорапша болатындай жіңішке фольгамен қапталған. Киімдерге қадалу үшін жасалуы мүмкін.

Толығырақ
Алтын әшекей заттар детальдары
Алтын материалы

Смағұлов Е. А. фотасы
II ғ. ортасы III – IV ғғ.
Сипаттамасы

Күлтөбенің алтын әшекей заттары арасында алтын әшекей заттарының детальдары табылды. Олар жіңішке жұқа пластинадан жасалған, дөңгелек формалы бұйымдар болып табылады. Үлкен дөңгелектер шетінде бөлек тегіс алтын ленталардан майыстырылған дөңгелектер дәнекерленген. Негізгі бұйымдардың диаметрі 14–15 мм.

Толығырақ
Алтын сырғалар
Алтын материалы

Смағұлов Е. А. фотасы
II ғ. ортасы III–IV ғғ.
Сипаттамасы

Күлтөбеде табылған алтын сырғалар, жұдырық формалы, дайын формаға қара мастиканы жұқа алтын фольгамен тығыздау арқылы жасалған.

Сырғаның қола имектері жіңішке пішінделген  жолақпен ілінген,  ал әр түсті сопақ пішінді пастадан жасалған ендірме жіңішке тегіс жолақшалар қырларына дәнекерленген тесіктерге жабыстырылған.

Мұндай зергерлік бұйымдардың шығу тегі Орта Азиядағы зергерлік орталықтармен байланысты, полихром стиліндегі үлгілерге жатады.

5 данадағы күлтөбелік сырғалардың орташа өлшемі 15х8 мм.

Толығырақ
Заман суреттері